Мәдениет үйі Әз Наурыз мерекесіне орай, «Игі істер марафоны» аясында мерекеде мейірімділік іс-шарасын ұйымдастырды. Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің ұжымы өнерпаз Алтай Қапановтың және жалғыс басты ана Жанат Досекееваның үйлеріне барып тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, балаларға әкелген тәттілер мен азық-түлікті табысталды.