17 наурыз - Тарихқа тағзым күні Тарихымызда Наурыз мерекесі қарсаңында ата-бабаларымыз көпшілік болып бата жасаған. Көпшілік батасы қабыл болатындығы жөнінде елде сенім де бар. Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қағида бар. Сондықтан, дүниеден өткен ата - бабалар рухына Құран бағыштап, жеті шелпек пісіру, тарихымызды ұмытпау, дәріптеу, тағзым ету - Наурыз мейрамының қарсаңында жасалатын игі істердің қатарына кіреді. Тарихқа тағзым - ұрпақ парызы!