⭐Шежіре күні⭐ «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген көнеден қалаған сөздің астарында үлкен пәлсапа жатыр. Атасының ғана емес әулетінің шежіресіне қанығып өскен баланың ата тегін қадір тұтатыны белгілі. Жеті атасын білу тек өз абыройы, отбасы құндылығы ғана емес, ұлттың болашағына ықпал ететін қозғаушы күш. Жеті атаға дейін қыз алыспау бүтіндей қазақ халқының салауатты ұрпағы, саламатты келешегі екенін естен шығармаған жөн. Сонау ғасырлардан бері санамызға тоқылып, қанымызға сіңіп жеткен осы бір тыйым қанның тазалығы мен тектіліктің асылдығына кепіл берері даусыз. Оны бүгінгі ғылым да зерттеп, тайға таңба басқандай жария етіп отыр.