Александр Сметановский Ол топырағы талантқа бай Торғайдың тумасы. Әкесі – Юрий бала Александрды өнерге баулып өсірді. Ауыл өнерпаздары мен құйма құлақ қариялардың ортасында өскен Александр ғана емес, жалпы торғайлық өзге ұлт өкілдерінің барлығы да қазақ өнеріне жақын. Тобыл-Торғай жұртына кеңінен таныс. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген.