
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің әртістер құрамы тағы бір қызметкерге толықты - Төленді Сымбат Бақытқалиқызы.
Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыруыңызға тілекшіміз.
Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос - жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық - қуанышыңыз мол болсын!
Н.Ахметбеков атындағы
мәдениет үйінің ұжымы