Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ДК нұсқасы
Сейіт Кенжеахметұлының қалжыңдары
14.01.2021
843
0

Дүниеге кедей болсаң

Әкем Сейіт дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі:
— Секе, дүниеге кедей екенсің ғой, — депті.
— Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың – деп жауап берген болатын.

Әкем өзі жинақтаған, бір ізге салып зерттеп, көпшілікке шын ықыласымен ұсынған халқымыздың салт-дәстүрінде қалжыңның түрлерін берген. Соның ішінде құрдастар қалжыңының үлгісін көрсетіп кеткендей…

Құрдастар қалжыңдары

Белгілі жазушылар Қойшығара Салғараұлы, Сейіт Кенжеахметұлы, Қоғабай Сәрсекеев және журналист Сабыржан Шүкіровтер бір ауданда және бір жылы туған құрдастар екен. Олардың кезінде бір-біріне айтып жүрген жарасты әзілдері жұрт аузында жиі айтылады.

Кім озады?

Бірде Қойшығара аға, Қоғабай ағай, әкем Сейіт оқырмандар арасында болып, топ ішінен біреуі:
— Осы үшеуіңнің қайсысың озық жүресіңдер? – деп сұрапты. Қоғабай мен Қойшығара бір-біріне қарайды. Сол сәтте әкем Сейіт орнынан тұрып:
— Кітапты сапалы әрі тарихи тақырыптар жазуда Қойшығара озық келеді. Өзі сияқты жуан-жуан етіп шығаруда Қоғабай озады. Ал, өзім сияқты жіп-жіңішке әрі жиі-жиі шығаруда мен озамын. Егер үшеуміз күресе кетсек Қойшығара жығады. Жарыса кетсек мен озамын. Төбелесе кетсек Қоғабай жеңеді, — деген екен.

Ел мен жер өзгерсе

Жанында бір топ серіктері бар Қоғабай мен Сейіт ел аралап келе жатады. Туған аулына келген Қоғабай жолда тоқтай қалып:
— Жер де тозып өзгерген екен-ау. Мына жер біздің жас кезімізде жайқалған шабындық еді, енді қоғажай басып кетіпті, — депті. Сонда Сейіт:
— Жер өзгерсе шөбі қоғажай болады, ел өзгерсе жазушысы Қоғабай болады, — деген екен.

Мәтел

Отырған жерде Қойшығара ағаның кітап қарап отыратын, Қоғабайдың қыз-келіншектерге көз салып отыратын, Сабыржанның шәйді көп ішетін әдеттері бар екен. Соны байқаған әкем Сейіт:
Қойшығараға кітап көрсетпе,
Қоғабайға қыз көрсетпе,
Сабыржанға шәй көрсетпе, — деген мәтел шығарыпты.

Қойшы мен Қоға

Бір жылы Қоғабай, Қойшығара, Сейіт үшеуі Торғайға барыпты. Үшеуінің қабат келгеніне таңданған біреу, Сейіттен:
— Неғып жүрсіңдер? – деп сұрапты. Сонда сатирик:
— Қойшыға қоға аралатып жүрмін, — депті.

500 жыл қуу

С. Шүкірұлының алғашқы жинағы оның елу жасында шыққан екен. Соны ұстап отырып Сабыржан:
— Енді Сейітті қуып жетуім керек, — десе керек.
Сонда сатирик:
— Менің он кітабым шықты. Сен елу жылда бір кітап шығарасың. Сонда мені әлі 500 жыл қууың керек қой, — деген екен.

Төбеге отыру

Арқалықта жаңа үй беріліп одан Сейітке жоғары, Сабыржанға бір қабат төменнен пәтер тиіпті.
— Екеуіңіз неге бір қабаттан алмағансыңдар? – деп сұрапты Жұмағали аға.
— Мен Сабыржанның төбесінде отыруым керек қой, — депті әкем Сейіт.

Өлі Сталиннен…

Біздің үйдің төрінде бұрын И.Сталиннің суреті ілініп тұратын. Кейін біз ол суреттің орнына әкем Сейіттің өз суретін іліп қойдық. Мұны байқаған жолдастары «мына жердегі Сталиннің суреті қайда?» дегенде Сабыржан Шүкірұлы:
— Оны сұрап қайтесің, өлі Сталиннен тірі Сейіт артық қой, — деген екен.

Мен де жүрмін ғой…

Күйеу баласы Асылханды әкем пысықтығы, әділдігі, шыншылдығы үшін жақсы көріп жақын тартатын. Сол күйеу баласы жүк машинасын сатып алғанда, әкеме «Көріңіз, бата беріңіз» — деп үйінің алдында тұрған машинасына ертіп апарады. Машинаны айналып қарап жүрген қайын атасы Сейітке күйеу баласы Асылхан:
— Папа, машина бірақ 1993 жылғы, — дегенде, әкем:
— Оқасы жоқ, мен де жүрмін ғой 1939 жылғы, — деп бәрімізді күлдіргені бар.

Материалды ұсынған

Зәмзәгүл КЕНЖЕАХМЕТОВА

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
12.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Облыстық спартакиада жеңімпаздары марапатталды
12.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev - ✅ Бүгін «Мирас» мәдениет сарайында Қостанай құрамасын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
12.08.2025
Әулиекөл дом культуры
12 тамыз күні Әулиекөл орталық алаңында Жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп мерекелік концерт ұйымдастырылды.
11.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @vocal_concerts 🎤 Сенбейсіз, бірақ 14 тамыз күні Қостанайда кімдер жиналады?! Ninety One тобының солисі Alem, опера және эстрада жұлдыздары - бір кешке, бір сахнада!
11.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @vocal_concerts 🎙️🔥 Alem және Қазақстанның жұлдыздары Қостанайда!
10.08.2025
Б. Майлин дом культуры
Абай - мәңгілік!
08.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Қалалық мәдениет сарайы Арқалық қаласынан Міржақып Дулатұлы 140 жылдығына арналған челленджін қабылдады. Міржақып Дулатұлы– өскелең ұрпаққа үлгі болып, артына бай рухани және мәдени мұра қалдырған тұлға. Ол өз өмірін ағартушылыққа, бостандық жолындағы күреске және ұлттық сананы оятуға арнады. Оның сөздері мен идеялары әлі күнге дейін жас ұрпақтың жүрегінен орын табуда. Челленджді Лисаковск қаласына жолдаймыз
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Я.Мармалиди «Силуэты любимого города» атты фотокөрмесіне шақырамыз. 15 тамыз сағат 19:00 Байтұрсынов көшесі (облыс әкімдігі мен сағатты мұнара арасындағы аллея)
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық мәдениет сарайы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» челленджіне қатысты. Біз эстафетаны әріптестерімізге береміз
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 16 тамызда сағат 17.00-19.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін «Балалық шақ- бұл біз!» атты балалар шығармашылық фестиваліне шақырамыз
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 16 тамызда сағат 16.00-17.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін "Карнавал" ансамблінің концертіне шақырамыз
07.08.2025
Әулиекөл дом культуры
7 тамыз күні Темофеев ауылында «Тың Целина – 2025» аудандық жазғы ойындар спартакиадасы өтті
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 19.30-20.30 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін эстрадалық-джаз оркестрінің концертіне шақырамыз
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамыз күні сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін орталық алаңда өтетін (А. Байтұрсынов алаңы) үрмелі аспаптар оркестрінің «Қостанай менің жүрегім» атты концерттік бағдарламасына шақырамыз
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қаланың барлық тұрғындарын 15 тамыз күні сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін Орталық алаңда өтетін "Даму бала" жобасының қатысушыларының «Балалар шығармашылығының калейдоскопы» көрмесін тамашалауға шақырамыз.
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласы күнін мерекелеу бағдарламасы 14-17 тамыз 2025 ж.
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын 14 тамызда сағат 21.00-22.00 аралығында (Гашек көшесі) "Ұлы дала" сахналық саябағында өтетін DJ-фестиваліне шақырамыз
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
14 тамызда біз Сіздерді "Музыка нас связала...» атты ретро фестивалінде күтеміз.   "Ұлы дала" сахналық саябағы (Гашек көшесі) 19.00-21.00
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 14 тамыз күні сағат 19.00-20.30 аралығында орталық алаңда өтетін "Караван" ансамблінің концертіне шақырамыз
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 14 тамыз күні сағат 18.00-19.00 аралығында Гашек көшесіндегі "Ұлы дала" саябағында өтетін «Street Music» жастар ұжымдарының концерттік бағдарламасына шақырамыз
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы!
Автор: Жангелдин дом культуры
"Aýǵannyń asýynda ot keshkender" kezdesý keshi
Автор: Жангелдин дом культуры
" Sezim syry " atty eske alý keshi.
Автор: Жангелдин дом культуры
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Абай - мәңгілік!
Автор: Б. Майлин дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Жангелдин ауданының «Н. Ахметбеков» атындағы мәдениет үйі


Заңды мекенжайы:
Жангелдин ауданы, Торғай селосы, Қ. Жармағанбетов көшесі, 9
 
Телефоны:
8 (71439) 21-1-66
8 (71439) 21-4-77
 
Электронды мекенжай:
jandomkultura@mail.ru
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру