6 наурыз күні "Алтын дән" МҮ-де Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүректен шыққан шаттыққа толы мереке!" атты мерекелік концерт өтті. Зал қонақтарға толып, жылы атосфераға, қуаныш пен көктемгі көңіл - күйге толы болды. Барлық жиналғандарға құттықтау сөзін Қостанай ауданының әкімі Нұрғалиев О. Ж. арнап, әйелдердің аудан дамуына қосқан үлесін атап өтті, оларға лайықты марапаттар табыс етті. Облыстың ең үздік орындаушылары көрермендерге жарқын өнерлерін сыйлады. Ал мерекенің басты сәні Қазақстан эстрадасының жұлдыздары "Madе in KZ" тобының өнері болды. Концерт ұмытылмас әсер қалдырып, барлық қатысушылар үшін нағыз мерекеге айналды.