Қамысты АМҮ-де Ұлттық домбыра күніне арналған «Қасиетті домбыра» атты дөңгелек үстел болып өтті. Онда мемлекеттік және орыс тілдерінде ұлттық домбыра, күй құдіреті, күй атасы - Құраманғазы, күй анасы - Дина, орны толмас - Нұрғиса және т.б. домбыраның құлағында ойнаған атақты адамдар жайлы баяндамалар оқылып, Мәдениет үйінің артистері: Д.Қашқымбаев, М.Байзақов, Ә.Ғұбайдулина және оның домбырашы шәкірттері, И.В.Болтачтың жетекшілігіндегі Қарабатыр ауылынан келген «Ханша» би тобы өнер көрсетті.
Сонымен қатар көрермендер арасынан Қарабатыр ауылының тұрғыны, осы іс-шараға арнайы келеген Жеңісхан ағай мен Қамысты ауылының тұрғыны Мағрипа апай домбырамен халық арасында ұмытылып бара жатқан күй мен ән орындап берді.
Соңында іс-шараның құрметті қонақтары – ардагерлер кеңесінің төрағасы және қоғамдық кеңестің мүшелері, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері өз пікірлерімен бөлісіп, іс-шараны қорытындылады. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табысталды.