Жаздың бірінші күні бүкіл әлемде Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Қамысты ауылында да ертегі және мультфильм кейіпкерлерінің (Алдар көсе, Джин, фиксиктер) қатысуымен балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Ертегі кейіпкерлері ойындар ойнап, балалармен викториналар өткізді. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді. Оқушылар шығармашылық үйінің қызметкерлері асфальтта сурет салу конкурсын ұйымдастырып, өткізді. Үздік суретшілер сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, АМҮ жас көркемөнерпаздарының әртістері мерекенің кішкентай қонақтарына ән айтып, би биледі. Мерекеде Қамысты ауданының әкімдігі, Қамысты ауылдық округінің әкімшілігі және "Нұр Отан" ХДП филиалы балаларға тегін балмұздақ таратты.
Мерекелік іс-шарадан кейін "Киндерленд"балалар ойын-сауық орталығының ашылуы өтті.