Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
АРҚАНЫҢ АҚЫН АҚЫЛБЕГІ
16.06.2021
950
0
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхмет 17 маусымда 70 жасқа толады. Арынды, жалынды, қаламы қарымды, ойлары шалымды сөз зергерін Қостанай облысының мақтанышы деуге болады.
 
Ақылбек Қожаұлы 1951 жылы Қостанай облысының Жітіқара  ауданында Желқуар ауылында  1951 жылы дүниеге келген. Аудан орталығындағы қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істейді. 1968 жылы оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда қызмет еткен. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Филология ғылымдарының кандидаты. «Ана тілі» газетінің лауреаты. «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды. Ахмет Байтұрсынов атындағы  медальмен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдерімен марапатталған. Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралардың жеңімпазы. 2007 және 2008  жылдары өткен республикалық ұлттық «Астана-Бәйтерек» байқауының жеңімпазы. 2008 жылы өткен «Бір өлең – бір әлем» республикалық мүшайрасының және «Дарабоз» балалар әдебиеті бәйгесінің жүлдегері. 
 
Қаламгердің «Есте қалар ел тарихы», «Ел есіндегі есімдер», «Тыңда туған»,    «Пирамида», «Көзімді ашып-көргенім», «Жұлдызды дәуір», «Жер-бесік», «Мөлдір бұлақ» деп аталатын прозалық, өлеңдер және поэмалар жинақтары оқырмандардың ықыласына бөленді. Балаларға арналған "Күлімдеді күніміз", "Гүл мен бидай", "Біздің бақша", "Шынар", "Аяз және Қыдыр" атты кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген. "Ақсұлу" тарихи драмасының, "Алғыс пен Қарғыс немесе жарық пен көлеңке", "Таза бұлақ", "Өкініш", "Еңбек ер атандырады" сынды бірнеше пьесаның авторы. 
 
Естеріңізге саламыз, ертең, яғни 17 маусымда сағат 16.00-де Қостанай қаласындағы "Жастар сарайы" ғимаратында ақынның 70 жасқа толу мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді. Келіңіздер, көркем кештің куәсі болып, өлең-жырдың кәусарынан сусындап қайтыңыздар!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
08.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Қалалық мәдениет сарайы Арқалық қаласынан Міржақып Дулатұлы 140 жылдығына арналған челленджін қабылдады. Міржақып Дулатұлы– өскелең ұрпаққа үлгі болып, артына бай рухани және мәдени мұра қалдырған тұлға. Ол өз өмірін ағартушылыққа, бостандық жолындағы күреске және ұлттық сананы оятуға арнады. Оның сөздері мен идеялары әлі күнге дейін жас ұрпақтың жүрегінен орын табуда. Челленджді Лисаковск қаласына жолдаймыз
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Я.Мармалиди «Силуэты любимого города» атты фотокөрмесіне шақырамыз. 15 тамыз сағат 19:00 Байтұрсынов көшесі (облыс әкімдігі мен сағатты мұнара арасындағы аллея)
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық мәдениет сарайы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» челленджіне қатысты. Біз эстафетаны әріптестерімізге береміз
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 16 тамызда сағат 17.00-19.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін «Балалық шақ- бұл біз!» атты балалар шығармашылық фестиваліне шақырамыз
07.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 16 тамызда сағат 16.00-17.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін "Карнавал" ансамблінің концертіне шақырамыз
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 19.30-20.30 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін эстрадалық-джаз оркестрінің концертіне шақырамыз
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамыз күні сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін орталық алаңда өтетін (А. Байтұрсынов алаңы) үрмелі аспаптар оркестрінің «Қостанай менің жүрегім» атты концерттік бағдарламасына шақырамыз
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қаланың барлық тұрғындарын 15 тамыз күні сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін Орталық алаңда өтетін "Даму бала" жобасының қатысушыларының «Балалар шығармашылығының калейдоскопы» көрмесін тамашалауға шақырамыз.
06.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласы күнін мерекелеу бағдарламасы 14-17 тамыз 2025 ж.
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын 14 тамызда сағат 21.00-22.00 аралығында (Гашек көшесі) "Ұлы дала" сахналық саябағында өтетін DJ-фестиваліне шақырамыз
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
14 тамызда біз Сіздерді "Музыка нас связала...» атты ретро фестивалінде күтеміз.   "Ұлы дала" сахналық саябағы (Гашек көшесі) 19.00-21.00
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 14 тамыз күні сағат 19.00-20.30 аралығында орталық алаңда өтетін "Караван" ансамблінің концертіне шақырамыз
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 14 тамыз күні сағат 18.00-19.00 аралығында Гашек көшесіндегі "Ұлы дала" саябағында өтетін «Street Music» жастар ұжымдарының концерттік бағдарламасына шақырамыз
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 14 тамыз күні сағат 18.30-да Қостанай-2-де, Станционная көшесі, 1-де өтетін "Мирас" МҮ шығармашылық ұжымының "Ән жырым - Қостанай" атты концерттеріне шақырамыз;  - КСК Жастар бульвары;  - "Дружба" тұрғын алабы,  "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығы;  - "Құнай" тұрғын алабы.
05.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
15 тамыз күні облыс әкімдігінің сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннің түлектері қала күнімен құттықтайды: Әйгерім Мұратова (Астана) Әйгерім Кенжетаева Habibi (Алматы) Анна Уварова (Астана) Жасұлан Сыдықов (Алматы) Серік Қадыржанов (Астана) Балуан Беркенов (Алматы) Мирас Киньяров (Алматы) Ернар Сәдірбаев Amre (Астана)
04.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Қостанайлықтар қала күнін қалай тойлайды?
04.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 16 тамызда сағат 20.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: гр.MEZZO гр.RIN'GO Sadraddin
04.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Маэстро-Александр Калугинді еске алуға арналған "Ұстазға тағзым" атты үлкен концерт
04.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласының күні, 2025 |   День города Костанай, 2025
04.08.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласының күні, 2025 |   День города Костанай, 2025
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру