altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
#REPOST Абылай_Маудан@FB ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛСА – ҚАСИЕТ, ҰМЫТ ҚАЛСА - ҚАСІРЕТ жыршы Нағашыбай Алпысұлымен сыр-сұхбат (біраз жыл бұрын жарық көрген дүниеміз еді. Мархабат)
05.11.2025
177
0
Нағашыбай Алпыс – өнерсүйер қауым арасында есімі кеңінен танымал тұлға. Кеңбайтақ қазақ даласының әр түпкіріндегі айтыскер, жыршы, термешілер оны жақсы біледі. Сыйлайды, құрметтейді. Өкініштісі, басқалар бағалаған өнерпазды өзіміз жете тани алмай жүргендейміз. Біле білгенге Нағашыбай Алпысұлы қазақтың жыршылық өнеріне үлкен үлес, жаңашыл леп әкелген композитор. Бірнеше мақамның авторы. Таңды таңға ұрып жырлайтын таңғажайып жадының иесі. Ізбасар шәкірт тәрбиелей білген тәлімгер ұстаз-әке. Таяуда, кездейсоқ сәті түсіп, Нағашыбай ағамен аз-кем сұхбаттасқан едік.
 
- Нағашыбай аға, сөз басын әріден бастасақ. «Текте бар нәрсе теппей тұрмайды» деген бір сөз бар ғой. Сіздегі өнердің қайнар бұлағы қайдан бастау алып жатыр? Жыршылық қанмен берілген қасиет пе?
Жыршылық маған тұқым берілген қасиет десем қателеспеспін. Әкем Алпыс өнерге бейім адам еді жарықтық. Жады керемет мықты болды. Өзіміздің әулеттің, Торғай бойындағы арғын-қыпшақ, күллі қазақтың шежіресін таратып отыратын. «Мың бір түннің» қиссаға айналған хикаяларын таңды таңға ұрып айтушы еді. Оның сыртында «Албан Жұпар ханым» деген дастанды, Нұрханның күллі шығармаларын бес саусағындай білді. Ол кезде айтуға тыйым салынған Ахмет Байтұрсыновтың «қырық мысалын», өлеңдерін жатқа соғатын. Торғай жерінде өткен әйгілі сахи жомарт Иманқұлдың Әбдрахманының, Күдері, Байтас ақындардың өлеңдерін білді. Бұл үш тұлға да Жылқайдар руынан. Ежелден өрісіміз бір, қоңсы қонған ағайын. Шамасы, олардың шығармаларын әкем өз ауыздарынан тыңдап үйренген болар деп ойлаймын. Әйтсе де, бұлардың бірде бірін маған арнайы үйреткен емес. Бұған менің тұйықтығым себеп шығар. Жас күнімде өте ұяң едім. Үй шаруасынан асып, көпшілік алдына шыққаным жоқ.
- Әйтсе де, өткен ғасырдың 80-жылдары сіздің есіміздің ел аузында шарықтап тұрды ғой. Бала күнімде сіздің орындауыңыздағы күйтабақ ауылда қолдан қолға көшіп жүретін.
- Менің танылуым кездейсоқ оқиға болды. 1963 жылы тал шауып жүріп қолыма бір кітап түсті. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы екен. Құдайдың құдіреті, әлгі ұзақ дастан бір оқығаннан санама таспен қашағандай орныға қалды. Түгелдей жаттап алдым. Әйтсе де, оны домбыраға қосып айтамын деген үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Оның үстіне 1964 жылы әскерге алынып, үш жыл Отан алдындағы борышымды өтеп қайттым. Келгесін бір жылдан соң техникумға инженер мамандығы бойынша оқуға түстім. Содан 71 жылы ауылға оралып, жұмысқа орналастым. Өнерден мүлдем алыс жүрдім.
- Бойдағы дарыныңыздың, бейнелеп айтсақ, бұлақ көзінің ашылуына қандай да бір оқиға түрткі болған шығар?
- Енді «қасқа айғырдан құрығанда төбел құлын туады» деген ғой. Ауылдағы (бұрынғы Албарбөгет совхозы, қазіргі Жаркөл, Тәуіш мекені) білдей бір жыршының баласы болғасын, аздап домбыра тартатыным бартұғын. Көрші-көлемнің үйіндегі қуанышта ән салып беріп жүрдім. Бір күні Опин Жұман деген азамат үйіме іздеп келді. Өзі бір атан жілікті, атақты Таңатқан балуанның туысы, сері жігіт еді. Жұман маған: «Нәке, сенің дауысың тамаша. Өнерді жасыра берме. Ұзақ жыр айт. Сенің қолың жыршылық. Алайда, «Есім серіні» Сардан Әбікеевтен (Жүсіпбек Салықовтың шәкірті), «Жауыр торыны» Бегәліден (Аралбай ауылында Көрпебаев Бегәлі атты жыршы болған) асыра алмайсың. Өзіңе бір ешкім айтпаған шығарма тап», - деп қамшылады. Сол кезде баяғы «Құлагер» ойыма сап ете қалды. Айтып көріп едім, Жұман мақамымды ұнатпады. «Құлагер» - керемет-ақ. Бірақ сен оған жаңа әуен тап!» деді ол. Ақыры, ыңылдай-ыңылдай отырып, осы күні ел білетін мақамы өмірге келді. Бұл – 1979 жыл еді.
- «Құлагерді» халық қалай қабылдады?
- Ол кезде елде жыр-дастан тыңдайтын еді. Үлкен кісілер жағы жиналып, терме, толғаулар айттыратын. Әр ауылдың өз жыршысы болды. Менің «Құлагерім» көпшілікке бірден ұнады. Көрші ауылдан адам жіберіп алдырып тыңдайтын күнге жеттім. Өзім де ұяңдықты қойып, төселіп алдым. Марқұм Жұман Опиннің үнемі тыңдап, олқы тұсын сынап, жетілдіріп отыруы зор ықпал етті. Бірде сол кездегі Қызыләскер совхозына барып «Құлагерді» шырқап жатқанмын. Қонақтардың ішінде ақын інім Қонысбай Әбіл де жүр екен. Ол мені тыңдап алды да «ой, аға, мынадай қазынаны қалайша қор қылып жүрсің» деп таңғалып, көп ұзамай республикалық газетке көлемді мақала берді. Содан бастап менің жұлдызым жарқырай бастады. Газетке шыққасын бір жылдан соң, 1983 жылы Ілияс Жансүгіровтің қызы Үміттен Алматыға шақырту алып, телестудияға жазылдым.
- Ол кезде жалғыз телеарна, таспаға түсу де оңай болмаған шығар.
- Сөзіңнің жаны бар. Ол уақытта халық әртістерінің өзіне бір сағат уақыт ғана беріледі екен. Ал, маған табаны күректей екі сағат бұйырды. Мұның өзі қазақ жырының құлагеріне, яғни, Ілекеңе деген құрмет деп түсінемін. Кейін күйтабаққа басылды дауысым. Ол кезде теледидардан көріну – танымал болдың деген сөз. Күйтабаққа шығу қазір клипің жарық көргенмен бірдей.
- Сөйтіп үлкен сахнаға жол ашылды деңіз...
- Құдай берген өнердің арқасында бірталай жерге бардық ғой. 1984 жылы Кенен Әзірбаевтың 100 жылдық мерейтойына қатыстым. Көкшетау-Торғай облысы өнерпаздарының бәйгесінде бақ сынадым. Қайсыбірін айта берерсің. Көбіне Нұрханның «Торғайдан сәлемін» орындап жүрдім. Бұл өзі ғажап туынды. Осыны мен бір бөлек мақаммен, Бөлтірік Молдашев өзінше түрлендіріп, Болат Қонысбаев деген әнші ол бір өзге әуенмен айтатұтын... Бір-бірімізді қайталамайтынбыз.
- Нағашыбай аға, осы жерден сөзімізді мақам жайына қарай бұрсақ. Өзіңіз шығарған сарындар туралы айта кетсеңіз. Неше мақамыңыз бар?
- Әр өлкенің өзіндік мектебі болатын сияқты, әр жыршының өз мақамы болса, бұл артықтық етпейді. Өзім орындайтын шығармаларды түрлендіріп отырғанды жақсы көрем. Байқасаңыз, бір «Құлагердің» өзі бірнеше құбылады. Бастауы баяу, аттың шабысы, Ақан сері мен Батыраштың тартысына келгенде екпінмен, ал, жүйрікті жоқтайтын жерге келгенде зарлы дауыспен айтамын. Өйтпесең, тыңдаушыңды жалықтырып аласың. Сол сияқты, «Қатаған мен Сүйінбайдың айтысын» өзім шығарған мақаммен орындаймын. Осы айтысты марқұм, айтыскер Ерік Асқаров бір түнде бірнеше айтқызып, айызы қанғанша тыңдап еді.
- Қазіргі айтыскерлерге жиі айтылып жүрген сынның бірі де өзіндік мақамының жоқтығы ғой. Сіз шығарған бес буынды мақамды айтыстың ақтангері Айбек Қалиев сахнаға алып шықты. Бес буынмен сөй сайысу – менің білуімше қазақ айтысындағы бұрын соңғы болмаған жаңалық. Ән өнерінде де сирек кездеседі. Осы әуен қашан туды?
- 1989 жылдан бастап Ахаң мен Жаһаңдар ақталып, қазақтың рухы серпіліп, ел қатты қуанды. Әсіресе, бұл оқиға Торғай халқына үлкен әсер етті. Үкімет қанша ұмыттыруға тырысса да, арыстарды жүрегінің төрінде қастерлеп жүрген ақсақалдардың да көзі тірі еді. Соның бірі - өз әкем. Сол кездегі әкім Жақан Қосабаевтың бас болып, жыл сайын дүбірлі той өтіп жатқан уақыт. Ол кісі маған «елдің атын танытатын тұсың осы кез, шабытты қамшыла» деп көрген сайын айтатын. Бірде қолыма Хамитбек Мұсабаевтың «Қаншеңгел» толғауы түсті. Көңіліме ұнады да, осы күнгі мақамын өмірге әкелдім. Онда балам Абзал мектеп оқып жүрген кезі, алғаш Торғайдың сахнасына алып шықты да, бірден таралып жүре берді. Айбек – ауылдасым, балам іспетті, Абзалымның құрдасы. Айтыста мақамымды орындағаны – үлкен насихат.
- Осы жерде бір нәрсені сұрамасқа болмай тұр. Биыл жыл басында Абзал орындаған «Қаншеңгел» - «Орынбор архивінен табылған Ахаңның дауысы» деп тарап кетіп, әлеуметтік желіде шу тудырды. Соңын ала «бұл Ахаңның өзінің шығарғаны» деп дау айтып, авторы Хамитбек Мұсабаевқа күманмен қарағандар табылды. Осы жайлы сізден артық білетін адам табылмас, «дауласушыларға» не дейсіз?
- «Қаншеңгел» Хамитбек Мұсабаевтың туындысы. Оған мен қос қолымды көтеріп қосыламын. Жөнсіз жала жауып, автордың кітабына енген толғауына таласу – ақымақтық. Жаңа айтқандай мақамын шығарған өзім. Орындаушы балам. Алдында айтқанымдай, әкем Алпыс Ахмет шығармасымен өте таныс адам. Егер, Ахаңның мұндай өлеңі болса ол кісі айтар еді ғой. Және бес буынмен өлең құрау Байтұрсынов мұрасында кездеспейді.
- Нағашыбай аға, қазір Сіздің өнеріңізге сұраныс бар ма? Бүгінде не көп, жалт-жұлт еткен «жұлдыз» әнші көп. Жыршылық, осы даңғазаның тасасында қала берсе, ақыры жойылып кетпей ме?
- Бұл менің жаныма ең бататын дүние. Бірақ, бірер балық қарсы жүзгенмен толқын кері бұрыла ма, амал жоқ іштен тынасың. Қазақтың осынша кең байтақ жерге ие болып отырғаны бірінші Алланың, сосын үлкен патриоттық рухтың қайнары - жыр-терме, сөз өнерінің арқасы дер едім.
Біздің тарихымыз – қағазға жазылған жоқ, ауыздан ауызға айтуымен, қисса, дастан, толғаумен жетті. Яғни, жыр – үлкен тәрбие құралы болды. Жас бала өзінің тегі кім, жеті атасы кім, тарихы қандай, қайдан шықты, ер жеткенде не істеу керек, оның бәрін кітаптан оқып емес, дастандардан естіп жетілді. Ұзақ-ұзақ тарихи толғауларды халықтың санасына сіңірген кім? Әрине, жыршы, ақын, жыраулар, шешендер! Өкініштісі, осынау ұлы дәстүр шетке ысырылып жатыр. «Заман талабы» деген ұранмен бәрі жалт етпе, тамыры жоқ, бір сәттік шолақ дүниеге ұмтылады. Сонда сан ғасырдан бері жалғасқан текті өнер, қасиетіміз қайда қалады? «Рухани жаңғыру» деп жатырмыз, ұлы өнерді ұлықтамаған жерде қандай рухани сілкініс болмақ? Білдей бір облыс орталығында жыршы-термешілер дайындайтын үйірме жоқ деген сұмдық ғой. Ол үшін арнайы штат бекіту қажет. Мені қынжылтатыны, біз Жүсіпбек, Бегалы, Сардан, Мұхамедьяр сынды көненің көзін жазып алып қала алмадық. Қолымызда құрал болған жоқ, қызмет те ыңғай бермеді. Өзім өмір бойы ауылда құрылыс шебері, кейін пошташы болып еңбек еттім. Енді бәрі дамыған мына заманда жиған-тергенімді беріп кетсем деймін. Бір менің білгенімнің өзі екі-үш күн жырласам таусылмайды. Қазір тыңдайтын адам аз, күнде айтпағасын ұмытып та барамын. Қанша дегенмен жас келді. Жетпістен асып барамыз.
- Ізіңізді жалғар шәкірт тәрбиелей алдыңыз ба?
- Шәкірт тәрбиелеуден мен қашпас едім, егер мүмкіндік болса. Кезінде әкем маған үйреткен жоқ, әйтсе де, мен өз ұрпағымды шетінен жыршы етіп шығардым десем артық айтқандық емес. Абзал, Серік, Әбдірахман атты балаларым облыс көлемінде төл өнерді шама-шарқынша насихаттап жүр. Ақан деген ұлым күйге әуес. Бәрінің де әдемі дауысы бар, эстрадамен ән айтса да жерде қалмас еді. Бүгінгі көзқараспен қарасақ ол тиімді де. Әйтсе де, маған құлқынның қамынан гөрі, ұлтымның жайы қатты батады. Сондықтан, балаларымды домбырасын тастамауын өте қадағалап отырамын. Біле білсең бұл – тағдыр. Жыршылық өнер екінің біріне қона бермейді. Мысалы, қазір 11 оқитын бала бес шумақ тақпақ жаттауға қиналады. Ал, менің ұлдарым ұзақ поэмаларды бір-екі оқығаннан-ақ санасына тоқып алады. Бұл қанмен берілген қасиет емей немене? Бірақ, сол қазынаны құндайтын халық аз, бұл қасірет емей немене?
- Ертеңге үміт артқан халықпыз ғой. Ортамызда өзіңіздей ақсақалдың бары қуантады. Рухани жаңғыру деп жатырмыз. Мәдениет саласына ұлттық өнерге шын жанашыр азаматтар келді. Қостанайда да жыршылық өнер тамырын терең жаяр күн туар.
- Лайым солай болсын!
- Ашылып айтқан сыр-сұхбатыңызға рахмет!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
27.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі дом культуры
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді дом культуры
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Жаңа жылдық ғажайыптар палитрасы-2026" жаңа жылдық интерактивті қойылымы.
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Қазақстан Республикасы күніне арналған «Асқақтай бер, жайнай бер – Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Ұрпаққа ұлы аманат» атты V аудандық ардагерлер шығармашылығы фестивалі
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
субұрқағының салтанатты ашылуы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Мемлекеттік қызметшісі күніне арналған салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Тобыл-Торғай - тұңғыштардың мекені» атты облыстық оқушылар айтысы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
22 наурызда «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінің алаңында Наурыз мерекесіне арналған дүркіреген халықтық мейрам өтті!
14.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
«Сағыныш сазы» атты Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР композиторлар одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қостанай қаласының және Аманкелді ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор  Қалибек Деріпсалдинді еске алу кеші
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Надежда» халықтық би ұжымы Қостанай қаласында өткен Республикалық «Импульс» көпжанрлық байқауына қатысты
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай салтанатты концерт
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. дом культуры
27.01.2026
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
субұрқағының салтанатты ашылуы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Мемлекеттік қызметшісі күніне арналған салтанатты іс-шара
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
«Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру