Ақсұлу Орысбайқызының 150 жылдығына арналған «Айтыстың Ақсұлуы...» атты облыстық ақындар айтысының екінші айналымы, қортынды кезеңі басталды. Ақтық айналымға Мамай Ізтілеу, Салтанат Өтелбаева, Батырлан Сағынтаев, Марғұлан Оспанов шықты
Бәйгеге келген сайыскерлеріміздің өнеріне баға беретін қазылар алқасының құрамында:
Әсия Беркенова – халық ақыны, бүгінгі бәйгенің қазылар алқасының төрайымы.
Ақылбек Шаяхмет – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, ақын.
Серік Қалиев – ақындар мектебінің мүшесі, Жітіқара қаласы.
Айтысты ұйымдастырушы Жітіқара ауданы әкімшілігі мен Қостанай облыстық мәдениет басқармасы.


