Ұлттық аспапты дәріптеп,Қостанай ауданындағы «Алтын дән» мәдениет үйінің жанынан ашылған «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында ұлттық өнерімізді дәріптейтін шаралар үнемі өтіп тұрады
Бұл жолы дарынды ұстаз, жетіген аспабын дәріптеуші Мөлдір Құлымбетовамен «Ұлттық аспап ұрпақ үшін керек» атты тақырыпта сұxбат берді.
Мөлдір Құлымбетова өзі ойнап, сахнада өнер көрсетуімен қатар, жетіген аспабын жас жеткіншектерге үйретіп, шәкірт тәрбиелеп жүр.
Сұхбат барысында ол жетігеннің ерекшеліктері, жастардың аспапты үйренуге деген ынтасы жайында қызықты әңгімелер айта отырды.
Аспаптан бөлек өзінің өнерлі отбасы жайлы да біраз әңгіме қозғады. Сұхбатқа өзінің қызы және шәкірті Гүлбаһарда келіп, анасымен еріп жетіген аспабында керемет шығарма ойнап берді.
Сұхбат соңында орталықтың басшысы Дәмер Елтайұлы өнерпазымызды алғыс хатпен марапаттады.
