ДК нұсқасы
Установить приложение
— Өнер өлкесіне 3-сыныпта қадам басыппын. Ол 1978 жыл еді. Әкем мені қолымнан жетектеп, Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатқа алып келді. Ол кезде бұл мектепке түсу оңай емес-тін. Үш рет емтихан тапсырдым. Директоры Пернебек Момынов деген ағамыз болатын. Менен үшінші емтиханды сол кісінің өзі келіп қабылдағаны есімде. Сәтті өтіп, қылқобыз сыныбына түстім. Сол балдырған шағымда-ақ, мектеп қабырғасында жүріп, қатыспаған концертім жоқ. "Өнерге қанат қаққандар" деген танымал телебағдарлама бар-тын, соның тұрақты "меймандарының" бірі болдым. "Қобыз" атты деректі фильмге түстім. Ол алтын қорда сақтаулы. 1985 жылы оркестрлер арасында республикалық байқау өтіп, Гран При жеңіп алдым. Алғашқы қомақты жүлдем сол. Бұл жеңіс "Артек" халықаралық пионерлер лагеріне жолдама алып берген еді. Бойымдағы өнерге деген құлшыныс, құштарлық осылай арта берсе керек. 1989 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түстім. Профессор Базархан Қосбасаров ағамыздың қылқобыз сыныбына қабылдандым. Консерватория қабырғасында жүріп, "Салтанат" мемлекеттік ән-би ансамблінде, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде жұмыс істедім. Ал 1993 жылы қызмет жолы Тобыл-Торғай өңіріне бастап әкелді. Сол кездегі Қостанай облысының әкімі Кенжебек Укин ағамыздың шақыруымен бір топ қыз-жігіт келіп, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония жанынан "Ақжелең" фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрдық. Мінекей, содан бері Қостанайда еңбек етіп келемін. Өзім, негізі, Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылының тумасымын ғой. Бірақ Тобыл төсіне қазығымыз қағылғалы да үшінші онжылдыққа таяппыз. Осынша уақыт ұжымдасып аймақ мәдениетінің керуенін алға тартып келеміз. Ансамблімізбен алғашқы жылдардан-ақ көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатыстық. Жеміссіз, жеңіссіз оралған емеспіз. Жүлделі орындар алып жүрдік. 1995 жылы Мәскеуде Жеңістің 50 жылдығына арналып өткізілген халықаралық фестивальде бірнеше мемлекет арасында 2-орын алдық. Жас ансамбль халықаралық "Шабыт" фестивалінде де осы нәтижені қайталады. Шымкентте өткен республикалық байқаудың 1-орны бұйырғаны да еске түсіп отыр. Айта берсек, жетістіктің саны көп.— Әңгімені шығармашылығыңыздан бастасақ. Өнер сахнасына алғаш шыққан сәтіңіз бен мәдениет саласының майталманына айналғанға дейінгі аралықты есіңізге оралтып көріңізші.
— Әрине, келе салысымен бұл іске білек сыбана кірістік. 1994 жылдан бастап, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде талапкерлерге тәлім бердік. Сол жылдары білім ордасының ректоры болған Зұлқарнай Алдамжаров ағамыз Музыка кафедрасын құрған болатын. Соған қарасты Қызқобыз бөлімін ашып, студенттерге сабақ бере бастадым. Өкінішке қарай, ол шәкірттердің барлығы өнер жолына түскен жоқ, басқа салаларда қызмет етіп жүр. Бірақ бәрі оқуды жақсы деген бағамен бітірді. Қазір Қостанай педагогикалық колледжінде дәріс оқимын. Бұл колледжді тәмамдаған 1-2 шәкіртім қазір өзіміздің филармонияда жұмыс істейді, Назымбек Молдахметов атындағы оркестрдің мүшелері. Өңір өнеріне әлі талай дарын қосылар деп сенемін.— Шынымен де сіздер Қостанайға егемендіктің елең-алаң шағында, төл өнеріміз төменшіктеп тұрған тұста келген буынсыздар. Ол кезде қобызшы тұрмақ, жалпы ұлт аспаптарынан хабары бар жастарды табу қиынға түскенін болжау қиын емес. Шәкірт тәрбиелеу ісі де сіздердің мойындарыңызға артылған шығар?
— Жасырып-жабары жоқ, ауыз толтырып айтарлықтай көп жұмыс атқардық дей алмаймыз. Филиал биыл ақпан-наурыз айларында ашылды. Қағаз-құжаттарымен біршама уақыт алдандық. Елдегі қазіргі күрделі ахуалға байланысты кең ауқымды жоспарлардың барлығын бірдей іске асыру да мүмкін болмай отыр. Бірақ облыстық деңгейде бірлі-екілі байқаулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, түрлі жиын-басқосулар өтті. Ондағы мақсат – өңірдегі домбырашы, қобызшы, шертерші, жалпы, қазақ ұлт аспаптарында ойнайтын өнерпаздардың барлығының бастарын біріктіру, әртүрлі іс-шараларға, сайыстарға қатыстыруға жан-жақты қолдау-демеу жасаудың жолдарын қарастыру. Негізі, жақсы жаңалықтардың бәрі алда деп сендіргіміз келеді. Эпидемиологиялық ахуал түзеліп жатса, осы күздің қазан немесе қараша айында Қазыбек Әбенов атындағы республикалық қылқобызшылар байқауын өткізбекпіз. Бұл – Қостанай облысының тарихында тұңғыш рет өткелі отырған жоба. Өңір мәдениеті үшін үлкен оқиға болары сөзсіз. Естеріңізде болса, алдыңғы жылдары Сағын Жалмышов атындағы республикалық күйшілер байқауы дүркіреп өткен еді. Бүкіл Қазақстанның назарын аудартып, таңданысын тудырған-тын. Бұйырса, таяу болашақта оны да жалғастыру ойда бар.— Күйшілер одағының облыстық филиалының төрағасысыз. Бұл лауазымға тағайындалғаныңызға көп болған жоқ. Сөйте тұра, осы филиалдың мұрындық болуымен қандай іс-шаралар атқарып үлгердіңіздер? Қандай жоспарларыңыз бар?
— Біз Қостанайға ХХ ғасырдың аяғында келдік қой. Содан бері төл өнеріміздің даму, кемелдену барысы көз алдымызда. Ілгерілеп келеді. Талпыныстар, жарқын істер көп, жетістіктер толайым. Оған келтірер дәлел өте көп. Мәселен, 2008 жылы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанының өзі – бағынған биік бір белес. Кезінде мұндай жаңалықты Қостанайдан күтпеген өзге өңірлер бізге таңданыс пен қошеметін білдірген еді. Осы оркестрмен көптеген фестиваль-байқауларға қатыстық. Астықты аймақтың атын әйгілей түстік. Айталық, Атырау қаласында Құрманғазының 190 ылдығына арналған мерейтойда 1000 адамнан құрылған оркестрдің қатарында өнер көрсету құрметін иелендік. Астанада өтетін "Серпер" фестивалінің тұрақты қатысушысына айналдық. Назекең, Назымбек Молдахметовтің бастамасымен, 2018 жылдан бері Қостанай облысында дирижерлер форумын өткізу дәстүрге айналғанын да айта кету керек. Оған шетелдің, Қазақстанның әйгілі дирижерлері шақырылды. Кәсіби деңгейіміздің көтеріліп, тәжірибеміздің толыға түсуіне ықпалы тиді дей аламыз. Мұнымен қоса, жыл сайын өзіміздің филармонияда "Түркі әлемі" атты халықаралық фольклорлық ансамблдердің фестивалі өткізіліп келеді. Сәтін салса, биыл Дирижерлер форумы қараша айының аяғында, "Түркі әлемі" фестивалі желтоқсанның орта шенінде өтеді деп жоспарлап отырмыз.
— Тәуелсіздік жылдарының ішінде облыста ұлт өнері қаншалықты дамыды? Оған қандай дәлелдер келтірер едіңіз?
— Бұл – үнемі назарда ұсталатын мәселе. Бірақ, өкініштісі, пандемияға байланысты соңғы екі жылда өңірлерге шыға алмай қалдық. Оның алдында жыл сайын облыстық көркемөнерпаздар байқауын өткізіп тұратынбыз. Әуелі бүкіл аудан-қалаларды аралап, үздіктерін саралайтын едік. Сол кезде ұжымдардың деңгейі байқалатын. Қалай болғанда да қазір облысқа қарасты барлық аймақтардың бұл тұрғыдағы әлеуеті өте жақсы деуімізге негіз бар. Бүгінгі таңда жергілікті жерлерде де өнерге деген көзқарас түзелген. Тұрақты түрде қаржы бөлінеді. Әкімдіктер көмегі көп. Жанашыр, демеуші азаматтардың үлесі де зор. Аспаптар сатып алынып, костюмдер тілігіп жатыр. Мәдени ошақтар құрылғылармен қамтылуда. Жағдайлары көп жақсарды. Алыс-жақында өтетін түрлі байқау-сындарға қатысуларына мүмкіндік ашылған. Әрине, аудан-қала ұжымдарын өзара жарыстыру жақсы үрдісіміз еді. Дамып-жетілулеріне септігін тигізетін іс-шара ғой. Осы ретте тағы да елдегі карантин ахуалының түзелеріне үміт артамыз. Бұрынғы қамсыз, мамыражай өмірге қайта оралып жатсақ, біз айтып отырған көркемөнерпаздар байқауы сөзсіз жалғасын табар еді.— Қазір барлық аудан-қалаларда ұлт аспаптар ансамблі бар. Бұрын бір домбырасы болмаған, қазағы сирек кейбір өңірлер де қатарға қосылды. Мұны да жетістігіміздің жарқын көрінісі делік. Алайда, сол өңірлік ұжымдардың сапалық деңгейіне көңіл бөліне ме? Сын-тезден өткізу шаралары қолға алынып тұра ма?
— Өңір жұртшылығын сүйсінткен соңғы жаңалық – соңдарына сәулелі із қалдырған Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов секілді өнер қайраткерлеріне туған жері құрмет көрсетті. Одан дүйім ел хабардар деп ойлаймыз. Өмірде де, өнерде де жарасып бірге жүрген қанаттас азамат ретінде осы тұлғалар туралы пікір-лебізіңізді білгіміз келеді…
— Әңгімеңізге көптен-көп рахмет!