Фёдоров ауданында Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Өнеріміз саған Қазақстан!» атты XXXIІI облыстық көркемөнерпаздарының халық шығармашылық фестивалі өтті
15.04.2019
1579
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXIІI облыстық көркемөнерпаздарының халық шығармашылық фестивалі
Фёдоров ауданында Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Өнеріміз саған Қазақстан!» атты XXXIІI облыстық көркемөнерпаздарының халық шығармашылық фестивалі өтті.
12 сәуірде «Жастар» Аудандық мәдениет үйі көрермендерге және қазылар алқасына өз есігін айқара ашты. Фестивальдің бағдарламасында «Свiтанок» халықтық хоры, халықтық үрмелі оркестірі, «Звезды» хореографиялық ұжымы, Қазақ ұлттық аспаптары оркестірі, «Феникс» вокалдық - аспаптық ансамблі, «Гармония» және «Bellagio» вокалдық ұжымдары қатысты.
Аудандық мәдениет үйінің солистері Елена Запорожану, Анастасия Смаковая, Жанар Ильясова, Рауан Калиев, Ксения Исенгазина қатысушыларды қуантты. Фестивальда Пешков, Владыкин, Кеңарал және Успенов ауылдық клубтарынан аудандық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша үздік нөмірлер ұсынылды.
Фестиваль жарқын және позитив толқынында өтті, нөмірлері көркемді болды. Жалпы іс-шара артынан ең жақсы қуаныш сезімін қалдырды!