Жаңа таланттарға жол ашық. Облыста дәстүрлі «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты 36-шы көркемөнерпаздар байқауы басталды. Онда облыстың аудан, қалаларының үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Көш бастаушы биыл – Қамысты мен Жітіқара. Әрі қарай фестиваль өңірдің өзге де қала, аудандарында жалғасады.