Бүгін қаламызда «JAS star.kst» қалалық шығармашылық байқауы өтіп, оған облысымыздың аудан, қалаларынан өнерпаздар қатысты

Қалалық әкімшіліктің қолдауымен өтіп жатқан бірінші байқауға қала әкімі Марат Жүндібаев өзі бас болып қолдау білдіріп, қатысып қатысушыларға ақ жол тілеп, соңында жеңімпаздарды марапаттады.
Байқау жоғары деңгейде өтті. Осындай кешті тарту еткен барша әріптестерімізге, қалалық мәдениет бөліміне және «Мирас» МҮ қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді.
Вокал номнациясында бас жүлдені рудныйлық Даяна Шакатаева жеңіп алды. Ол сахна төрінде көптен жүрген, талай байқаулардың жүлдегері.
Ал хореографияда елге танымал «Карнавал» би ансамблі үздік атанды. Жетекшісі — Шамил Фахрутдинов.
Кеш соңында «X Factor Kazakhstan» жобасының оныншы маусымында көрермендердің көп дауысын жинап, жеңімпаз атанған жерлесіміз Ұлпан Жұмабекті қала әкімі Марат Жүндібаев құттықтап, бағалы сыйлық тарту етіп, құрмет көрсетті.






