altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
04.05.2022
559
0
Пресс-релиз - С. Кожамкулов (каз).docx
Қазақ КСР Халық әртісі,
көрнекті театр және кино актері
Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған
"SERALY FilmFestival" қысқа метражды көркем фильмдердің
республикалық фестиваль-байқауы өтеді

 
Өтетін күні:
5 мамыр 2022 жыл
Өтетін уақыты мен орны:
сағат 11:00-де — «Жастар сарайы» мәжіліс залында кинофестиваль лауреаттарының фильмдерінің көрсетілімі, баспасөз мәслихаты. 
сағат 15:00-де — І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
 
5 мамыр күні сағат 11:00-де "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" ММ қала тұрғындары мен қонақтарын, БАҚ өкілдерін Қазақ КСР Халық әртісі, көрнекті театр және кино актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған  "SERALY FilmFestival" қысқа метражды көркем фильмдердің республикалық фестиваль-байқауына шақырады.
 
 
"SERALY FilmFestival" республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауы — фестиваль қатысушыларына шығармашылық серпін сыйлап, Қазақстанның кино саласына өз есімдерін таныстыруға жол ашатын бірегей мәдени іс-шара. Фестивальге өндірістік киностудиялар, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Республикалық "SERALY FilmFestival" қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауына қатысуға Қазақстанның әр аймағынан барлығы 40 өтінім келіп түсті.

 
ФЕСТВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Қазақстанның кино өнерін дәріптеу және насихаттау, театр және кинематография саласында жүрген талантты және шығармашыл адамдарды іздеу және қолдау, өзара тәжірибе, шығармашылық идеялар алмасу және Қазақстан кинематографистерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін шығармашылық платформа құру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, оларды Қазақстанның тарихын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеуге үндеу.
Фестиваль бағдарламасына – Сералы Қожамқұловтың шығармашылығына арналған көрме, баспасөз конференциясы, фестиваль қатысушыларының қызыл кілеммен жүріп өтуі, фильмдердің байқау үшін және байқаудан тыс көрсетілімдері, тақырыптық бағдарламалар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кіреді.
Фестиваль жеңімпаздары "Үздік қысқа метражды фильм", "Үздік режиссура", "Үздік операторлық жұмыс", "Үздік сценарий" аталатын төрт номинация бойынша анықталып, мүсіншелермен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.
 
 
ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫСДАСТЫРУШЫЛАР:
- "Қостанай облысының әкімдігі" ММ;
- "Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы" ММ.

 
ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРЫ:
Қазылар алқасының төрағасы: Сәкен Досхан Сәкенұлы –С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының директоры, театр және кино актері.
Наргиз Тамабекқызы – М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры музейінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі.
Мадина Әлімқан – продюсер. 20-дан астам фильмнің кинорежиссері.
Құрметті қонақтар:
Мәриям Қожамқұлова – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы, П. Чайковский атындағы Орта Азия халықаралық байқауының лауреаты. 
Алтынай Нөгербек – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
 
Қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақ КСР Халық әртісі, көрнекті театр және кино актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған  "SERALY FilmFestival" республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауына қатысуға шақырамыз. БАҚ өкілдерін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.


 
Толық ақпарат:
Тел.:  +7 /7142/ 560-129
Email:  1@ocsnt.kz
Website: www.ocsnt.kz
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Амангелді дом культуры
1 Мамыр-Қазақстан Халқының Бірлігі күні мерекесіне орайластырылған "Татулықтың туын тік" атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 02 мамыр күні Денисовка ауылының №8 Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін Денисов Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында мерекелік бағдарлама өткізді!
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Амангелді дом культуры
«Тал егу – игі іс» экологиялық акциясы жалғасуда
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
Автор: Амангелді дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý