Версия для ПК
Установить приложение
2020 жылғы 11 наурызда Қостанай қаласында «Жадыра» қазақ әндері халықтық ансамблінің концерті өтті. Сонау 1991 жылдың 19 қазанында құрылған ұжымға биыл - 29 жыл толады. Бүгін де аты аңызға айналған 90 - жылдардың ұжымы, осы уақыт ішінде тыңдарманның жүрегін әсем әндерімен жаулап алып үлгерді.
Концертте өздерінің үздік туындыларын бірнеше тілде шырқап шықты. Сондай -ақ, ансамбльдің концерттік бағдарламасы бірнеше атаулы күндерге арналған.
Бұл концертте, танымал әндер ғана айтылып қоймай, сонымен қатар, рудныйлық ақындар мен композиторлардың шығармалары да орындалды.
Ұжым, өздерінің репертуарларымен барша көрермендерді жаулап алды. Зал көрерменге лық толы болды. Ансамбльдің орындауындағы жүздеген сүйікті әндер орындалып, көрермен залында 70 тен аса қосыла шырқаушылар да табылды. Әрбір әуен таныс, сүйікті, әрі құлаққа жағымды.
«Жадыра» қазақ әндері халықтық ансамблінің концерті өте жылы да қуанышты жағдайында өтті.
11 марта 2020 года в городе Костанае прошел концерт Народного ансамбля казахской песни «Жадыра». В этом году коллективу исполнится 29 лет. За эти годы они успели завоевать сердца зрителей, а сегодня легендарная группа 90-ых годов покорила своим пением костанайцев. На концерте они спели свои лучшие композиции на нескольких языках.
Насыщенную программу приурочили сразу к нескольким знаменательным датам. Здесь прозвучали не только популярные песни, а также и произведения рудненских поэтов и композиторов.
Своим репертуаром коллектив покорил зрителей. В зале полный аншлаг. В репертуаре сотни любимых песен, в зале около 70 подпевающих зрителей. Каждая мелодия такая знакомая, родная и любимая.
Концерт Народного ансамбля казахской песни «Жадыра» прошел в теплой и радостной обстановке