Версия для ПК
Установить приложение
15 ақпан күні Совет әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толады. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз.Осы мерекені тойлау қарсаңында, 14 ақпан аудандық мәдениет үйінде жауынгер-интернационалисттерге арналған салтанатты кеш өтті. «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті», өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерінде от басымен бақытты күн кешкен ардагерлермен бүгінгі кездесу, болашақ жастарға үлгі боларлықтай болды. Салтанатты кешті «Синева» әнімен «Рок стар» ВИА ансамблі ашты. Концертте Халықтық «Жұлдыз» бишілер ұжымы, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов, «Березка» вокалды тобы өнер көрсетті. Ардагерлерді Меңдіқара аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Қайсар Спабеков құттықтап, «Офицер» әнін сыйға тартты. Бағдарламада ауғаныстан жөнінде әндер орындалды. Достияр Қайдаровтың орындауында «Салам, бача», Дмитрий Кондратьевтың орындауында «Черный тюльпан» әні көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараның соңында Халықтық «Гармония» вокалды тобының орындауында «Мы уходим» әні концертті аяқтады
