Версия для ПК
Установить приложение
2018 жылдың 18 қаңтар күні Қарабалық ауданы мәдениет Үйінде Қарабалық ауданының 90-жылдығына арналған «Туған күніңмен шағын өлкеміз» концерттік бағдарламасы өтті. Бұл іс-шарада «Ручеёк», «Жұлдыз» би ұжымдары , «Забытые мелодии» ансамблі, «Ару», «Өмір» вокалдық топтары және аудандық мәдениет Үйінің үздік квартеттері, дуэттері мен әншілері қатысты. Әр нөмірге аудан және Қарабалық туралы слайдтар қосылды. Күн аяз болсада, көрермендердің барлығы уақытымен келіп, өте белсенді болды. Көркем өнер әртістерін шапалақпен қарсы алып, ду қол шапалақтарымен шығарып салды.

