Версия для ПК
Установить приложение
2018 жылы 5 қаңтар айында Қарабалық аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарлдамасының аясында ойын-сауықтыру бағдарламасы өтті. «Жұлдыз» және «Барыс» командалары интеллектуалды викториналарда, спорттық ойындарда өздерін жылдамдық пен ептілікке тексерді. Сайыстар арасында Қуандықов Тоқтар, Қайсарова Гүлнұр және Жазықпаев Ерболат концерттік нөмірін көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Жұлдыз» ұтып алды. Барлық командаларды құрмет грамотасымен марапаттады.
