Версия для ПК
Установить приложение
25 наурызда Қарабалық аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залында "Супер келіншек" конкурсы өтті, оған Қарабалық кентінен 5 жас әйел қатысты. Гүлнұр Кайсарова М. Сералин атындағы №3 орта мектептің ұжымынан, Гүлмира Мұхтарова – М. Горький атындағы №1 орта мектебінен, Адия Сатбаев А. Құнанбаев атындағы № 2 орта мектептің, Айнагүл Абилова – "Айналайын" балабақшасынан, Ұлжалғас Мансариева – "Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы" КММ ұжымынан қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Жас келіндер өздерінің таныстыруларын ұсынды, ұлттық киімдер бір қатарын көрсетті, зияткерлік, аспаздық және шығармашылық байқауларына қатысты. Қазылар алқасы көрермендердің және байқау қатысушыларын қолдау топтарының жоғары белсенділігін, бағдарламаны жүргізушілердің жақсы жұмысын атап өтті. Нәтижесінде Гүлнұр Қайсарова "Супер келіншек" атағын, құрмет грамотасын және "Одежда и обувь" дүкенінен 10000 теңгеге сертификат алды. Барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталып, "Одежда и обувь" дүкенінен 5000 теңгеге сертификат алды.
























