Версия для ПК
Установить приложение
31 желтоқсан күні сағат 21: 00-де орталық алаңда "Жаңа жылдық вояж"бал - маскарад өтті. Мереке скоморохтар, қар патшайымының қатысуымен театрландырылған қойылыммен ашылды. Аудан әкімі Өтегенов Н. К. кент тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, әрбір отбасына амандық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Көрермендер Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алды. Аяз ата Қарабалық тұрғындарына сөз сөйледі. Мереке фишкасы Қарабалық кентінің мекемелері мен ұйымдары жастарының қатысуымен жаппай жаңа жылдық флэшмоб болды. Шыршаның айналасына хороводтар, ойындар, байқаулар, жаңа-жылдық отшашулар, шаңғы эстафетасы-осының барлығы жаңа-жылдық іс-шарада өткізілді. Мереке 1 қаңтар түнігі 2-00 ге дейін жалғасты. Кент әкімі А. М. Шектыбаев жиналған Қарабалық тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан 2019 Жаңа жылмен құттықтады.Көрермендер таңғы сағат 4-ге дейін көңіл көтерді.
