Версия для ПК
Установить приложение
Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің жас әншілері Нұрай Қонақ және Беркімбаев Самира 2018 жылдың 21-25 маусым аралығында Қазақстандағы Бурабай курортында өткен «МИР ДЕТЯМ» VI халықаралық көпжанрлық фестиваль-байқаудың орта санатына қатысып, лайықты өнерлерін көрсетті. Нұрай «Самға» атты күрделі әнді орындап, көрермендердің ғана емес, сонымен қатар қазылар алқасының да жүрегін жаулап алды. Конкурстың Халықаралық комитеті Қонақ Нұрайды 10-нан 13 жасқа дейінгі жастағы «Pop vocal» номинациясында бірінші дәрежелі жеңімпаз дипломымен марапаттады. Сондай-ақ, жеңімпаз сахнада өз бейнесін ең үздік көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды. Сол денгейдегі 2-ші дәрежелі лауреат дипломына Самира иеленді. «МИР ДЕТЯМ» фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып және жас дарындарды қолдағандары үшін, вокалистердің әкелері Е.Әбдікәрімовты және А. Беркимбаевты алғыс хаттарымен марапаттады.

