Версия для ПК
Установить приложение
Бейбітшілік алаңда Ұлы Жеңістің 73-ші жылдығына арналған көрініс митингі өтті. «Бессмертный полк» әнімен «Слава тебе солдат!» акциясының қатысушылары салтанатты түрде алаңға кірді. 9 көрініс құраған теарализациялық қойылымда Агро-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттері, мектептердің оқытушылары мен оқушылары, Қарабалық БӨМ аудандық Мәдениет үйінің вокалдық топтары, солистері және «Жұлдыз», «Ручеёк» және «Домисолька» би ұжымдары қатысты. Өлмес полкта 300-ден аса адам қатысты. Шырша жапырақтарынан әшекейленген әлемішті, веноктарды және гүлдерді ескерткіштің бөктеріне ардагерлер мен аудан акімі Арман Көкішұлы Алиев, ҚР-ң Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, аудан ұйымдары мен ұжымдары, мектептер, колледж, жекеменшік кәсіпкерлері, діни конфессияларының өкілдері қатысты. Митинг қатысушыларын Қарабалық ауданның әкімі Арман Көкішұлы Алиев қарсы алды. Митинг «Нам этот мир завещано беречь!» көрінісімен және мереке шеруімен аяқталды. ҰОС-ң ардагерлері, тылдың жұмыскерлері, митингтің көрермендері мен қатысушылары З.Е. Баймухамбетова дайындаған солдат кашасынан ауыз тиді.

















