Версия для ПК
Установить приложение
1-ші мамыр күні Қарабалық кентінде Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20-жылдығына және Қарабалық ауданының 90 жылдығына орай «Қазақстан – кең далам, бейбіт әні шарлаған» Бірлігі күніне арналған мереке өтті. Мереке Қарабалық ауданында тұратын ұлт өкілдерінің шеруімен және Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20 жылдығына және «Достық» Караван» өңірлік орталығының еңбек ұжымдарының қошеметтеулерімен ашылды. 130-ға жуық қатысушылар қатысқан сахналық ашылымы мерекенің тақырыбына сәйкес келді. Қарабалық ауданның әкімі А.К. Әлиев халықты шын жүректен құттықтап, 2018 жылғы «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауының аудандық турының жеңімпаздарына және 32-ші халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар ұсынды. Ауданның үздік шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары «Единство - драгоценный сплав» концерттік бағдарламасына қатысты. Этноауылдың безендірілген киіз үйлерінде және үйшіктерінде ұлттық тағамдардың көрінісі болды. Мерекеде Қарабалық уылының орта мектептері, Қазақстан агротехникалық колледжі, «Айналайн» және «Улыбка» балабақшалары, аудандық Орталық ауруханасы би ұжымдары қатысқан 1-ші аудандық фестивалі өтті. Фестивалдің әділ қазылар алқасы барлық би ұжымдарға қатысқандары үшін грамоталарды ұсынды. Этноауыл фестивалінде қатысқан ұйымдар сыйлықтар алды. Жеңімпаздарға жүлделерді Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары ұсынды. Мереке 32-ші халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің Гала-концертімен аяқталды.










