Версия для ПК
Установить приложение
Қарабалық аудандық мәдениет үйінің жас әншісі Қонақ Нұрай 2018 жылдың 12-15 сәуір күндері Алматы қаласында өткен «FIESTALONIA – ALMATY» халықаралық көп деңгейлі байқауының екінші санатында қатысып, өзін лайықты екенің көрсете білді. Вокалды жанрға барлығы 70 әнші қатысты. Нұрай Б. Бимаханның сөзінде жазылған композитор А. Дүйсеноатың «Өмірім әнім» күрделі әнін орындады. Ол толқуды жеңе білді және өлеңді тиісті деңгейде орындады. Байқаудың халықаралақ комитеті Нұрай Қонақты «Pop vocal» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.