Версия для ПК
Установить приложение
21 наурызда, күннің суықтығына қарамастан, Қарабалық ауданының орталық алаңында Наурыз мейрамы басталды. Орталық алаңы, ертемен жиналған, Қарабалықтықтар мен келген қонақтардың көз жауын алардай безендіріліп көркейе түсті. Көркемөнерпаз әртістері, қатысушы топтар және арнайы шақырылған ардагерлер сағат 10-да мәдениет Үйіне қарай тартыла бастады. Орталық алаңына халық жиналған соң, “Ұлыстың ұлы күні – наурыз құтты болсын!” тақырыбы аясында сахналандырылған қойылым әсерлі ашылды, онда шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың келуімен, қатысушыларды Қыдыр Ата, Наурыз айы, Көктем аруы, «Жұлдыз», «Домисольки» би ұжымдары құттықтап, кейін қыс пен жаздың күресін бейнелейтін халықтық ойындар тамашаланды.






