Версия для ПК
Установить приложение
2018 жылдың 7 наурызында аудандық мәдениет Үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мереке өтті. Мәдениет Үйінің кіреберісінде әйелдерді жастар қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынып, көрермендер залына отырғызды. Мереке Қарабалық ауданының ерлері ән айтып әйелдерді мерекемен құттықтаған бейнероликпен ашылды. Концерттік бағдарлама балалар өнер өнер мектебінің мұғалімдері орындаған «Вдыхая розы аромат...» тангосымен ашылды. Жүргізушілер көрермендерді қлшеметтеп, әйелдерді мерекемен құттықтап, Қарабалық ауданының әкімі А.К. Әлиевке сөз берді. Ол әйелдерді құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлесін қосқан барлық жастағы және әр кәсептегі үздік әйелдерді марапаттады. Концерттік бағдарламаға барлық мекемелер мен ұйымдардың ерлері қатысты. Бағдарламаның соңында ауданның басшылары-ерлер ән шырқаған кезде көрермендер жақтан «Керемет! Жарайсындар! Үлкен рахмет!» деген шаттанған дауыстар естілді.









