Версия для ПК
Установить приложение
2018 жылдың 21 ақпан айында ауданның ең үздік көркемөнер шығармашылығының ұжымдары «Асқақ әнім, Астана!», атты аудандық көркем өнер халық шығармашылығы байқауының ХХХII-ші 2-ші кезең Гала-концертінде қатысты.Сәтті өткізген Раушан Исенбаева және Ерлан Абилов мерекелік бағдарлама 20 нөмірлерден құралып, бір тыныста өтті. Барлық нөмірлер бес баллға, яғни 23-тен 25 баллға дейін бағаланған. Ауданның шығармашылық ұжымдарының қойған нөмірлерін қорытындылай келе, қазылар алқасының төрағасы А.С. Евсюковтың айтуынша, бұл соңғы бірнеше жылдағы үздік бағдарлама. Сондай-ақ, көркем өнер халық шығармашылығын дамытуда педагогтардың, аудандық ішкі істер және мәдениет бөлімінің жемісті ынтымақтастығы атап өтілді. Қазылар алқасы «Забытые мелодии» (Көркемдік жетекші Сергей Лысоченко) ансамбльдің, «Порт РА» (Көркемдік жетекші Вячеслав Чугаев) рок тобының, қазақ халқы ұлттық аспаптар ансамблінің, ерлер вокалдық тобының, Михайлов АМҮ «Станичники» (Көркемдік жетекші Людмила Подолян, аккопаниатор Сергей Куля) вокалдық тобының, Самиры Беркимбаеваның вокалисінің және Юлия Пинженина хореографтың «Ручеёк» жұмысының сәтті орындалуын жоғары бағалады.Сондай-ақ қазылар алқасы жоғары ұйымдастырушылық концерттік бағдарламаның бағытын атап өтті. Қазылар алқасының жақсы бағасын АІІБ қызметкерлерінің хоры, М. Горький атындағы 1-ші мектеп қызметкерлерінің хоры, Қазақстан агроколледжінің студенттері, Ә. Шарипов, А. Гемук, Е. Жазықпаев, Д. Кәрімова, Ж. Кұрмаш солистері, М. Горький атындағы 1-ші мектептің мұғалімдер үштігі, «Өмір» үштігі, Яна және Роман Реймер отбасылық дуэті және өзінің шығарған өлеңін оқыған Г.Ержанова алды. Қарабалық мәдениет бөлімі мен аудандық мәдениет Үйі аудан үшін осындай маңызды іс-шараны дайындауға және өткізуге көмек көрсеткені үшін, фестивальдің барлық қатысушыларына және М. Горький атындағы №1 ОМ, Михайлов орта мектептің, Балалар өнер мектебінің басшыларына үлкен алғыс білдіреді.













