
14 Наурыз "Жастар" АМҮ-де
«Көрісу күні – Амал мерекесі» күні аясында
«Наурызнама» ондкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік іс - шара Мәдениет үйінің ортанғы дәлізінде этномәдени бірлестіктердің шеруімен басталды. Қазақы нақышта киінген 5 топ делегат, әншілердің әнімен төрде отырған аудан басшысы бастаған және ақсақалдар, әжелер қауымына ән шырқап, Көрісу күнінің негізгі салтын орындап көрісті. Аудан әкімі Құттықтау Сөз сөйлеп, барлық келген қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Аулымыздың үлкен ақсақалы бата беріп, одан әрмен спорттық сайыстар, және аудандық мәдениет үйдің әртістерінің қойған концерттік бағдарламасымен аяқталды.
«Көрісу күні» бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Үлкендер «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылатын, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейтін күн.





