Версия для ПК
Установить приложение
2025 жылдың 26 ақпаны күні аудан әкімінің қолдауымен «Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы өтті. Облыста алғаш ұйымдастырылған байқауға “Жетіген” кәсіби мектебінің негізін қалаушы, мәдениет саласының үздігі Нұргүл Бижанқызы Жақыпбек арнайы шақыртумен келіп, бас қазы ретінде таныстырылды. Сайыстың бас жүлдесін Федоров аудандық “Жастар” мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Фариза Жоламанова жеңіп алды.






