С днем рождения, Арайлы Амангелдім!
Поделитесь с друзьями ссылкой на материал:
Арайлы Амангелді.
Туғызған өлкесі еді қаламгердің,
Сағынып жұпарыңды саған келдім.
Ұлылар жортып өткен қасиетті,
Туған жерім арайлы-Амангелдім.
Үлкеннен үлгі алып білдік таным,
Айтылған құлағыма үнді ұққаным.
Ауданым құт мекенім туған жерім,
Құмына тамып өскен кіндік қаным.
Біліп өскен әрбір өлең көлемдерін,
Жырға қосқан барша ақын өлеңдерін.
Кітап оқып, ізденіп балалары,
Мақтан еткен ауданның өрендерін.
Балдары сауық құрып есірмеген,
Есіргенді ешқашан кешірмеген.
Малдарын-емін еркін жаиғанымен,
Балдарын-беттен какпаи өсірмеген.
Біліммен болашақтар көреді елді.
Құптайтын халық еді төл өнерді.
Ардак тұткан әркашан басшысындаи.
Акыл кеңес беретін төрелерді.
Жырақ кетсем әніммен тербеитұғын.
Тербеитұғын күмбірмен емдеитұғын.
Өр намысты бермеитін жастарыма,
Жырым қалсын мәңгілік өлмеитұғын.
Еркінғазы Айтбаев
Поделитесь с друзьями ссылкой на материал: