
Сағындырған әндер-ай
Әннің де естісі бар есері бар демекші, ақпан айының 13 күні ауданымыздың мәдениет үйінде көптен күткен сағына жеткен «Сағындырған әндер-ай» ретро ән кеші өтті. Бұл ән кешінде сағынышқа бай, махаббатқа толы, сырлы жастық шақты еріксіз көз алдыңа әкелетін сүйікті әндер шырқалды. Сахнаға шыққан әншілер махаббатты әнге сыйдырып, сол әнмен елді тербеген сыңғырлаған сазды үндері көптің көкейінде қалды. Тіпті кейбір әннің шығу тарихында көрініс арқылы бейнелеп ерекше әсер қалдырды. Сол бір ескі әндердің сөзінің, әнінің әлі күнге дейін тыңдарманға ерекше күй сыйлайтынын халықтың көзінен көруге болады. Өйткені сағындырған әндер аталарымыздың әжелеріміздің, ағаларымыз бен апаларымыздың махаббаттарының куәсі болған сағынышқа толы сазды әндері. Осы күні қазақ жерінде Шәмші атамыздың әнісіз кеш өтпеген. Кешегі Мадина Ералиева шырқаған әндер де осы сахнада орындалды. Орындаушыларда Мәдина апаларымыздай болсақ деген күміс көмей Республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпаздары орындады. Дуэт боп шырқалған қыз бен жігіт әніде шырқалды. Жалпы аудан өнерпаздары барлық бағытта өнерлерін көрсетті. Өнерпаздың өнерін көтеретін, өнерін өрістететін ол көрермен. Сондықтан ән кешіміздің ортасын толтырған кеш қонақтары мен көрермендерге алғысымызды білдіреміз.