Қостанай өңірінде тележурналистиканың дамуына мол үлес қосып жүрген, республикалық және облыстық шығармашылық конкурстардың лауреаты, Меценаттар клубы сыйлығының иегері, Отан туралы телевизиялық көлемді циклді деректі фильмдердің авторы, танымал журналист Гүлжібек Бекмұхамедованың Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау видеожазбасын назарларыңызға ұсынамыз. Журналист еңбек жолындағы жетістіктерімен және өңірдегі жаңалықтармен бөліседі.