Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тарихи-танымдық жоба өз жорығын бастап кетті. 30 маусым күні жобаның аясында өнерпаздардан құралған керуен бес атпен жолға шығып, алғашқы аялдамасы – Денисов ауданына жетті.
Онда салтанатты түрде киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылды, қатысушыларға арнап ерекше кездесу ұйымдастырылды. Жоба аясындағы бұл шара халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап, ұрпаққа рухани мұраны насихаттауға бағытталған.
Сал-серілер керуенінің келесі аялдамалары – Лисаков, Рудный қалалары мен Тобыл стансасы.
Ал жобаның мәресі – Қостанай ауданына жеткен сәтте қорытындыланбақ.
Мобилография:
@azeke.kst
@kakimzhanik