Версия для ПК
Установить приложение


@culture_qostanai Сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметұлы атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлары арасында өткен байқау жөнінде ақпарат Меңдіқара ауданында өнер сүйер қауым үшін ерекше күн болды. Ауданда Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқауы өз мәресіне жетіп, көптің көңілінен шыққан думанды шара өтті. Облысымызда бесінші рет ұйымдастырылған бұл байқауға еліміздің әр өңірінен 8 театр ұжымы қатысып, өнер бәсекесінде бақ сынады. Өнер додасының әділ өтуіне қазылық еткен мәдениет саласының беделді өкілдері арнайы келді. Олардың қатарында Асылбек Боранбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрлыбек Жұбатқан – жазушы-сатирик, ҚР мәдениет қайраткері және Бауыржан Орда – «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты бар. Атақты сатирик Көпен Әмірбек арамызда болмаса да, оның жары Әйгерім ханым мен ұлы Жұбаныш арнайы қонақ ретінде қатысты. Шараға белгілі ұстаз-ғалым, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Жеті қазына» этнопедагогикалық бағдарламасының авторы Зәмзагүл Сейітқызы Кенжеахметова да келіп, әкесінің рухына тағзым етіп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Меңдіқара ауданының әкімдігі мен зиялы қауым өкілдері де қатысушыларға қолдау көрсетті. Байқау екі кезеңнен тұрған еді.Алдымен Сейіт Кенжеахметов шығармаларынан үзінді орындау және еркін тақырыптағы қойылым ұсыну. Театр ұжымдары қазақ сатирасының табиғатын сақтай отырып, заманауи тақырыптарды да шебер қозғады. Көрермендер күлкіге қарық болып қана қоймай, ойға қалдырар дүние де көп болды. Сонымен жеңімпаздар белгілі болып, марапаттарға ие болды. • Бас жүлде — 1 000 000 теңге сертификатына Жангелдин ауданы «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры жетекшісі — Шыңғыс Садуақасов ие болды. • I орын — 700 000 теңге сертификатына Жамбыл облысы, Талас ауданы жетекшісі — Мырзамбетова Жанар ие болды. • II орын — 600 000 теңге сертификатына Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Бозжыра» әзіл-сықақ театры жетекшісі — Нұров Қайырбек ие болды. • III орын — 500 000 теңге сертификатына Арқалық қалалық «АБАДАН» әзіл-сықақ театры жетекшісі — Бейсенбек Мейрамбек ие болды. Барлық қатысушыларға 200 мың ақшалай сертификаттар мен арнайы алғыс хаттар табысталды. Байқау биыл да өз мақсатына жетті — Сейіт Кенжеахметовтің сатиралық мұрасын насихаттап, әзіл-сықақ жанрын дамытатын таланттарды танытып, өңірлер арасындағы шығармашылық байланысты күшейтті. __ Информация о республиканском конкурсе сатирических театров «Мірдің оғы» имени Сейита Кенжеахметулы Мендыкаринском районе завершился Республиканский конкурс театров сатиры и юмора «Мірдің оғы» имени Сейіта Кенжеахметова. Мероприятие собрало 8 театральных коллективов из разных регионов страны и оставило яркое впечатление у зрителей. Кстати, В этом году конкурс состоялся в нашей области уже в пятый раз. Для обеспечения объективного судейства были приглашены авторитетные деятели культуры: Асылбек Боранбаев — заслуженный деятель Республики Казахстан;Нұрлыбек Жұбатқан — писатель-сатирик, деятель культуры РК; Бауыржан Орда — лауреат молодежной премии «Серпер». Особым моментом стало участие супруги и сына известного сатирика Көпена Әмірбек — Әйгерім ханым и Жұбаныш, которые были приглашены в качестве почётных гостей. На мероприятие также прибыла педагог-учёный, обладатель медали имени Ы.Алтынсарина, автор программы «Жеті қазына» Зәмзагүл Сейітқызы Кенжеахметова. Она почтила память своего отца и выразила тёплые слова. Конкурсантов пришли поддержать руководство района и представители местной интеллигенции. Конкурс включал два этапа: 1.исполнение отрывков из произведений Сейіта Кенжеахметова; 2. постановка на свободную тему. Театральные коллективы сумели сохранить дух казахской сатиры, затронув при этом актуальные темы современности. Зрители получили не только хорошее настроение, но и повод задуматься. Победители конкурса: • театр сатиры и юмора Жангелдинского района «Мірдің оғы» Руководитель: Шыңғыс Садуақасов заняли Гран-при и стали обладателями сертификата на сумму 1 000 000 теңге • коллектив из Таласского района Жамбылской области
♬ оригинальный звук - CULTURE QOSTANAI