#REPOST @rhk21k Бүгін Қостанай қаласында өткен «Наурыз достарын шақырады» VII Халықаралық хореографиялық өнер фестивалінің керемет кешінің бір бөлігі болдық. 🌿
Сахнада Қазақстаннан және шетелден келген талантты би ұжымдары ұлттық және заманауи хореографияның әсем үлгілерін ұсынып, көрермендерге ерекше атмосфера сыйлады.
Наурыз мерекесінің рухын сездірген, мәдениеттерді жақындастырған, өнер мен достықты дәріптеген тамаша фестиваль болды. ✨
Осындай үлкен сахнаның бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз! 💃