altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Тобыл толқындары» би ұжымдарының ашық аймақтық халық билері байқауының ақпараты
20.02.2020
2475
0
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 ақпан күні сағат 11.00-де Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Тобыл толқындары» би ұжымдарының ашық аймақтық халық билері байқауы өткізілді.


Байқаудың мақсаты - хореографиялық өнерді халық билері арқылы насихаттау, Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын дамыту және сақтау, Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту, үздік хореграфиялық ұжымдарды анықтау, жастарды хореография өнеріне тарту және шығармашылық жағынан өсуіне жағдай жасау.

Байқауға Қостанай облысынан 10 би ұжымы және Ақмола облысынан 1 би ұжымы қатысты: Тобыл қаласынан «Надежда» Халықтық би ансамблі, Рудный қаласынан  «Фиеста», «Жизель» және «Ремикс» би ұжымдары, Қостанай қаласынан «Тарлан», «Эстель», «Тарлан» (Қостанай қалалық  № 23 орта мектебі) би  ұжымдары және Қостанай педагогикалық колледжінің «Кербез» би ұжымы, Арқалық қаласынан «Ақбота» Халықтық би ансамблі, Қарасу ауданы, Челгаши ауылынан «Vim» би ұжымы және Ақмола өңірінен келген «Фламинго» Халықтық  би ансамблі өнер көрсетті.

Байқаудың шарты бойынша бірінші кезеңде ұжымдар қазақтың сюжеттік биін,  екінші кезеңде таңдаулары бойынша халық  билерін орындады.

Байқауды «Карнавал» би мектебінің директоры, Қазақстан Республикасының
білім беру саласының үздігі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты Фахрутдинов Шамиль Абдрахманович, «Енари» би ұжымының жетекшісі, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығыныңлауреаты Ли Юрий Алексеевич, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығыныңлауреаты,Қостанай педагогикалық колледжі хореография бөлімінің меңгерушісі Доспанова Салтанат Мұратқызы төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша I орын – «Ақбота» Халықтық би ансамблі (Арқалық қ., жетекшісі Зайко Ирина Григорьевна), II орын–«Надежда» Халықтық би ансамблі (Тобыл қ., жетекшісі Бывакина Ольга Борисовна), III орын – «Кербез» би ұжымы (Қостанай педагогикалық колледжі, жетекшісі Шаяхметова Бану Ерденқызы) иеленді.

Сонымен қатар, қазылар алқасының төрағасы Фахрутдинов Шамиль Абдрахмановичтің арнайы жүлдесіне «Жизель» би ұжымы, «Фламинго»«Тарлан» биқ ұжымы ие болды.

Сонымен қатар, Қостанай қаласында наурыздың 9-12 күндері өтетін «Наурыз достарын шақырады» II Халықарналық би фестивалінің жолдамасына «Ақбота» Халықтық би ансамблі ие болды.

Байқау жеңімпаздары мақтау қағазымен және ақшалай сертификаттарымен  марапатталды (бірінші орын–250 мың тенге, екінші орын–200 мың теңге, үшінші орын–150 мың теңге, қатысқаны үшін–20 мың теңге). 

Байқауға «Қостанай таңы», «Наш Костанай», «Костанайские новости» газеттері және «Алау», «Qostanai» телеарналары  қатысты.
 
Қатысқандар саны 400 адам.

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 25 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концерті Қазақстан Республикасында жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА! «Мирас» мәдениет сарайында «Алтын жас» әуесқой шығармашылық фестивалі өтеді!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру