altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Қазақ өнерінің серкесі
05.05.2022
1368
0
екі күнге созылған өнер додасының үздік «төрттігі» анықталды

 
Екі күнге созылған Қазақ КСР Халық әртісі, театр мен киноның аса көрнекті актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауының қорытындысы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті. Өнер сүйер қауым С.Қожамқұлов мұражайынан көрмені тамашалай алды.
 
Сералы Қожамқұлов – қазақ театр өнерінің бастауында тұрған әйгілі тұлға, сахна саңлағы, ұлт киносының жарық жұлдызы, мақтаныш тұтар даңқты жерлесіміз. Өнер майталманының мерейтойына орай биыл ел бойынша көптеген түрлі іс-шара өтті. Осының барлығының лайықты қорытындысы осы кинофестиваль болып отыр. Тобыл өңірінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан фестивальге Серке Қожамқұловтың туған қызы «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» аға оқытушысы, П.Чайковский атындағы Орта Азия халықаралық байқауының лауреаты Қожамқұлова Марьям Сералықызы арнайы келіп, төрімізге шықты. Әкесінің есімі дәріптеліп, құрмет көрсетіліп жатқанына шексіз риза.
 
Бірегей байқауға өтінім қабылдау 2021 жылғы тамыз айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасқан болатын. Бағы мен бабын сынап көруге ниет еткен үміткерлер аз болған жоқ. Қазақстанның әр түкпірінен 40 қатысушының материалы қабылданыпты. Алайда, байқау шарты бойынша олардың ішінен 4 номинация бойынша ғана жеңімпаздар анықталды. Олардың еңбегін бағалау үшін қазылар алқасы құрылып, әр жұмысты жіті зерттеген. Айтар ойы мен көрерменге берері мол туындыны анықтау оңай емесі белгілі.
 
Қазылар алқасының төрағасы, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драмалық театрының директоры, театр және кино актері – Сәкен Досхан Сәкенұлы, Наргиз Тамабекқызы – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі және Мәдина Әлімқан— продюсер, 20-дан астам фильмнің режиссері. Өкінішке орай, бүгінгі қорытынды шараға ол кісі келе алмады.
 
Қазақ өнерінің серкесі атанған Сералы Қожамқұлов атамыз Тобыл-Торғай жұртының ғана емес, тұтас қазақ ұлтының маңдайына біткен дарыны. Оның соңынан әлі де талай ізбасарлары түлеп ұшарына күмән келтірмейміз. Қысқа мертажды көркемфильмге үлкен жүрегін салған үміткерлердің арасынан үздік шыққан "төрттікті" қазылар алқасы анықтады.
 
Сонымен «SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер байқауында
 
"Үздік оператор" номинациясында Шымкент қаласынан Фырхат Саипов;
 
"Үздік режиссер" номинациясында Қостанай қаласынан Есбол Жатқанов;
 
"Үздік сценарист" номинациясында Нұр-Сұлтан қаласынан Жарқын Тілеухор;
 
Ал байқаудың соңғы әрі басты "Үздік фильм" номинациясын алматылық Рүстем Дастанұлы «Минус 5» 7 минуттық қысқаметражды фильмімен жеңіп алды.
 
-Бүгін былтырдан бері ойға алған шараның нәтижесіне жетіп отырмыз. Фестивальдің басты мақсаты Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қабан Бадыров, Әнуар Боранбаев сынды өнер тарландары дүниеге келген жерде жаңа есімдерді танытып, ынталандыру еді. Сол мақсатқа жеттік деп ойлаймын. Үздіктер өзінің ерекшелігімен дараланды. Бұл бастама әрі қарай жалғасын табуы керек деп есептеймін. Осы кешке арнайы келген Мәриям Серәліқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
 
 -Бүгін екі той қатарласып отыр. Біріншіден әкемнің туған күні болса, екіншіден Жезқазған театрына әкемнің атының берілгеніне 40 жыл. Сонымен қатар театрдың құрылғанына 91 жыл. Осындай үш той папамның жерінде аталып өтіп жатыр. Сіздерге алғысым шесіз, - деді кештің қадірлі қонағы Серке Қожамқұловтың туған қызы Мариям Сералықызы апамыз.
 
Жас дарындарға жол ашуды, қабілетті жандардың қанаты астынан дем беруді мақсат еткен жоба осындай қуанышты сәтпен аяқталды. "Алға басудың басты құпиясы – алғашқы қадам жасау" демекші, осы байқауда бағын сынаған, арманына бір табан жақындаған әр қатысушыны жеңімпаз деп білеміз.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
14.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қазақтың төл өнерін аспандатқан, аққуындай әсем үнімен ел жүрегіне жол салып, төрелігін айтқан Әсия Беркенованың мерейлі 75 жылдығына арналған республикалық «АЙДЫН ЖЫРДЫҢ АҚҚУЫ» атты жыр додасы өтпек
13.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Алаштың аяулы қызы,  Қазақстанның халық ақыны, жыр падишасы Әсия Беркенованың шығармашылығына арналған «Өмірмен кеңес» атты мерейтойлық кеші өтеді!
13.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Алексей Губенко еске алуға арналған үрлемелі оркестр концертіне шақырамыз
12.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» мәдениет үйінде Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері үшін тәжірибе алмасу мақсатында экскурсия өткізілді
12.11.2025
Б. Майлин дом культуры
Сөз зергерінің мұрасы – мәңгілік!
12.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
"Мирас" мәдениет орталығында халықтың аз қамтылған топтары үшін концерт залының қолжетімділігін қамтамасыз ету
11.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
11 қараша күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының бірінші қабатының фойесінде ретро-дискотека – аға буынға арналған би мен көтеріңкі көңіл кеші өтті
06.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 6 қараша күні Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы, Приречен ауылдық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен бірлесіп Қостанай облысының әкімі бекіткен KPI бағдарламамасын іске асыру шеңберінде Қамысты ауданының Жайылма ауылында Туған елім- туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
05.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» мәдениет сарайында Қостанай педагогикалық колледжінің 2-курс студенттері (МУЗ-21 тобы, мамандығы – қазақ оркестрінің жетекшісі) этнографиялық қазақ халық ансамблі «Мирас» ұжымымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесті
31.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Болашақ» облыстық хореографиялық конкурсын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Зухра Утепбергенқызына Алғыс хат
31.10.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 31 қазан күні Денисов аудандық мәдениет үйінде «Әнші балапан» аудандық балалар вокалдық шығармашылық байқауы өтті
29.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай облысының Белорус қауымдастығы «Мирас» мәдениет сарайына алғыс хат табыстады.  3 жылдығына арналған мерекелік концертті ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс хат алды. Сенім білдіріп, бірлесіп жұмыс жасағандарыңыз үшін алғыс айтамыз!
27.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Арқалық өнерпаздары «Тобыл толқыны – 2025» фестивалінің жеңімпазы атанды
27.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Республика күніне орай Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов, Қалибек Деріпсалдин атындағы «Тобыл толқыны» III қалалық командалық ашық байқау-фестивалі
26.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Республика күніне орай Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов, Қалибек Деріпсалдин атындағы «Тобыл толқыны» III қалалық командалық ашық байқау-фестивалі
26.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Республика күніне орай Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов, Қалибек Деріпсалдин атындағы «Тобыл толқыны» III қалалық командалық ашық байқау-фестивалі
25.10.2025
Қостанай қ. дом культуры
Гала-концерт «Тобыл толқыны – 2025»
25.10.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 25 қазан күні Денисов аудандық мәдениет үйінде Республика күнін мерекелеуге орайластырылған «Жігіт сұлтаны – 2025» дәстүрлі және ойын-сауық байқауы өтті.
25.10.2025
Федоров дом культуры
Республика күні
25.10.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 25 қазан күні Республика күніне және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығына орайластырылған Денисовка ауылының алаңында Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Сөз зергерінің мұрасы – мәңгілік!
Автор: Б. Майлин дом культуры
Гала-концерт «Тобыл толқыны – 2025»
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру