altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ЖАС ДАРЫНДАР ДОДАСЫ
13.04.2022
1537
0
Бүгін Қостанай қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балалар жылына орай "Жас тұлпар" облыстық оқушылар айтысы өтті.



Жас талапкерлер Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында сайысқа түсті. Өлең додасына облыстың әр өңірінен 10 жас ақын келген. 

 
«Жас тұлпар» оқушылар айтысы осымен 30-шы рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі жоба балдырған ақындардың талабын ұштап, шабытын шыңдайтын, өлең өлкесіне қанат қақтыратын үлкен мектепке айналған. Осы уақытқа дейін Тобыл-Торғайдың талай тастүлегі осы ортадан түлеп ұшты. Бірі республикаға танымал айтыскер атанса, бірі әнші-жыршылық бағытты ұстанып, сахна саңлағына айналды. Енді біреулері – өнермен ауызданып, өмірде өз жолын тауып, түрлі салада биік белестерді бағындырған тұлғалар. Олар бүгінгі ізбасарларына үлгі-өнеге болып отыр. Осы жолғы айтыстың бас қазысы, ардагер айтыскер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлпия Орманшина да алғы сөзінде «Жас тұлпардың» тереңге тамыр тартқанын тілге тиек етіп, үміткерлерге ақ тілегін айтты.
«Жас тұлпар» айтысы Торғай облысында басталған еді. Бірінші рет Науырзым ауданында өтті. Содан бері осы айтыстың керуен-сапары әлі тоқтамай келеді. Жоба аясында қаншама дарынның жолы ашылды. Көбі шәкіртіме айналды. Сендер де менен тәлім аламын десеңдер, еш қарсылығын жоқ, есігім әрдайым ашық. Үй отырып-ақ дайындай беремін. Айбек Қалиев, Мамай Ізтілеулер алғашқы шәкірттерім болды. С.Өтелбаева, М.Оспанов, Е.Әуезхандарға да тәлім бердім. Бәрің бірдей айтыскер болып кетпессіңдер, бірақ үлкен жүректі өнер адамына айналатындарыңа үмітпен қараймын. Жортқанда жолдарың болсын», - деді осы жобаның «анасына» айналған ақын.
 
Әлпия Карбозқызы бастаған қазылар алқасының құрамында "Жас тұлпар" айтысының үш дүркін жеңімпазы, дәстүрлі әнші, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан және филолгия ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ профессоры Қарлығаш Нұрмұхаметова болды. 

 
Сонымен, жыр-жарыста бес жұп ақын өнер көрсетті. Олар –Бауыржан Тұрсынбек (Б.Майлин ауданы), Шұғыла Аманбек (Қостанай қаласы), Жамбыл Тоққожаев (Рудный), Қуанышбек Бекасыл (Қарабалық), Ақжүніс Жүрсін (Меңдіқара ауданы), Дінасыл Бақытбек (Қостанай қаласы), Жанерке Сейсенбай (Жітіқара), Нұрайлым Қуантай (Б.Майлин ауданы), Ғанимат Нағашыбай (Қостанай ауданы) және Саят Әуезхан (Амангелді ауданы).
 
Балғын ақындар қарсыласынан озып шығу үшін бар күшін салды. Ойларын өрнектеп, сөздерін кестелеп жеткізуге тырысты. Дегенмен қатысушылардың деңгейі әртүрлі. Бірі ұшқырлығы мен тапқырлығын танытып, қарсыласына қамшы басып отырса, кейбір үміткер қобалжығаннан толысып қалып жатты. Ол да түсінікті – көбі үлкен сахнаға енді ғана шығып отыр. 

 
Әйтсе де көрерменнің көңіліне жаққан көптеген жолдар есімізде қалды. Мәселен, амангелділік Саят Әуезхан осы жоба туралы:
"Жас тұлпар" айтысы, өзің деп білемін
Құлынынан таныған Құлагерді", - деп сөз түйді.
Оның тағы бір жерде әдемі ұйқастармен өрім жасай келіп:
"Осындайда жарқ етіп көрінбесе,
Қында жатқан құны жоқ ақ алмастың", - деп өз-өзін жігерлендіріп қойды.
Ал додаға Қостанай қаласынан қосылған Дінасыл:
"Жас тұлпар" деге айтыс аламаны –
Әкемнің тай күнінде шапқан жері", - деп әкесі әрі ұстазы Марғұлан Оспановтың осы айтыстан қадам алғанын меңзеп өтті. Ол ұрымтал тұстарда қарсыластарын әзілмен тұқыртудың да ретін таба білді. Жамбыл, Ғанимат, Ақжүністер де қарсыластарынан бәсі басым екенін дәлелдей алды.  
Әр жұптың айтысын мұқият бақылап отырған қазылар алқасы соңғы айналымға 6 ақынды өткізіп, бірден жұптап берді. Олар – амангелділік Саят пен қостанайлық Дінасыл, рудныйлық Жамбыл мен Б.Майлин ауданынан келген Нұрайлым, сондай-ақ меңдіқаралық Ақжүніс пен Қостанай ауданының қатысушысы Ғанимат.  Бұл кезеңде де жас ақындардың қабілет-қарымы анық аңғарылды. Үміт артылған кейбір талапкер олқы өнер көрсетіп қалып, керісінше, көтермелеумен өткен оқушылардың «екінші тынысы ашылғандай болды.
 

Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Дінасыл Бақытбекке бұйырды. 1-орын – Жамбыл Тоққожаевтың еншісінде. 2-орынға Ақжүніс Жүрсін ие болды. 3-орынға Нұрайлым Қуантай лайық деп танылды. Қалған қатысушыларға да дипло мен ақшалай сыйлық табыс етілді. 

Марапаттау рәсімі кезінде сахна төріне көтерілген облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысушыларға құттықтау лебізін жеткізді. «Жас өрендерге, тәлімгерлерге үлкен алғысымызды айтамыз. «Жас тұлпардың» шабысы үдей берсін. Өзіміз де осы айтысқа қатысқанбыз.30 жылдық тарихы бар үлкен доданы одан әрі өркендету юәрімізге ортақ міндет. Өз облысымызда шектеліп қалмай, республикада өтетін ақындар айтысына дайындалу керек. Оған мүмкіндіктер барын осы балалардың ұстаздарына ескертеміз», - деді Ерлан Болатұлы.  

Басқарма басшысы республикалық айтыстарға оқушыларды қатыстыруға, қолауға, жол шығындарын өтеп беруге қай кезде де дайын екенін айтты.

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру