Қостанай қаласында Қазақ КСР Халық әртісі, театр және киноның аса көрнекті актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркемфильмдер фестиваль-байқауы өтеді
Жүктеу: SERALY Film Festival өтініш формасы >>>>>
«SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркемфильмдер фестиваль-байқауы - еліміздің кинематографистерінің жұмыстарымен танысу, қазақстандық кинода жаңа есімдердің ашылуына және фестивальге қатысушылардың шығармашылығын жоғары деңгейге көтеруге арналған бастапқы алаң ретінде бірегей мәдени іс-шара.
Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
Қазақстандық кино өнерін насихаттау.
Театр және кинематография салаларында талантты және шығармашыл адамдарды іздеу және оларды қолдау.
Тәжірибелік, шығармашылық идеялар алмасу және Қазақстан кинематографистерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін шығармашылық платформа құру.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Қазақстанның тарихын, дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеу.
Фестивальге Қазақстан Республикасының азаматтары, өндірістік киностудиялар, ұйымдар қатыса алады.
Фестивальге Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын, қызықты оқиғаларын, адамдары туралы баяндайтын патриотизм, адамгершілік, руханият және эстетикалық тәрбие тақырыптарында түсірілген фильмдерді ұсынуға болады.
Фестиваль үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – іріктеу;
- екінші кезең - қорытынды;
- үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
Фестивальдің толық <<<<< ЕРЕЖЕСІ >>>>>