«Сахна мәдениеті» іс-шара жүргізушілеріне арналған шеберлік сағаты
28.02.2020
4422
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
2020 жылдың 25 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК «Алтын дән» мәдениет үйінде іс-шара жүргізушілеріне «Сахна мәдениеті» тақырыбы бойынша шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағатын өткізудің мақсаты сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйрету, ауқымды іс-шара жүргізушілерінің шеберлігін арттыру болып табылады.
Шеберлік сағатты Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актері, Нұр-Сұлтан қ. ауқымды іс-шаралардың жүргізушісі Мұсаев Жәнібек Әбдіқанұлы жүргізді.
Шеберлік сағатына облысымыздың 4 қаласы мен 12 ауданының мәдени-демалыс ұйымдарының іс-шаралар жүргізушілері қатысты.
Шеберлік сағаттың соңында қатысушылар сертификаттар алды, Жәнібек Мұсаевқа Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының Алғыс хаты мен сертификаты табысталды.