ЖАҢА ДЕҢГЕЙ: ҚОСТАНАЙДА АНСАМБЛЬ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
26.02.2020
1527
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Үздіктердің бірі бол!
Көптеген жылдар бойы Қостанай облысының қазақ ұлт ансамбльдерінің ұстанымы осындай. 25 ақпан күні «Жастар сарайында» «Қазақ ұлттық аспаптары және ноталық сауаттылық» тақырыбында шеберлік сағаты өтті, оған облыстың 3 қаласы мен 12 ауданынан қазақ халық аспаптар ансамбльдерінің жетекшілері қатысты.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйтқы болды.
Ансамбль жетекшілері ноталық сауаттылықты дамытудың жаңа тәсілдерімен танысып, «Sibelius» бағдарламасымен жұмыс істеу әдістерін үйренді.
Шеберлік сағатын педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық өнер университетінің докторанты, күйші Қожебаев Дархан Ержанұлы өткізді.
Біліктілікті арттыру соңында жетекшілерге қатысу сертификаттары табысталды. Жетекшілер ансамбль мүшелерімен жаңа ақпаратты жеткізуге және бөлісуге уәде береді.