Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2020 жылдың 31 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында Ы.Алтынсарин негізін қалаған тұңғыш мектебінің 135-жылдығына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы қарсаңында «Қазіргі айтыс: жетістіктер мен кемшіліктер» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағатын «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын - Айбек Киікбайұлы Қалиев жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатымен танысып,мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарын тамашалап, Ы.Алтынсарин мемориалдық музейіне саяхат жасады.
Шеберлік сағатына Қостанай, Тобыл, Рудный, Арқалық қалаларымен қатар, Б.Майлин, Әулиекөл, Меңдіқара, Ұзынкөл, Жангелдин, Қарабалық аудандарының оқушы ақындары мен жетекшілері қатысты.
Шеберлік сағатын өткізуде қолдау көрсеткені үшін Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ұжымына алғыс білдіреміз!