2020 жылдың 31 қаңтар күні сағат 11:00-де, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында Ы.Алтынсарин негізін қалаған тұңғыш мектебінің 135-жылдығына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы қарсаңында «Қазіргі айтыс: жетістіктер мен кемшіліктер» тақырыбы бойынша шеберлік сағаты өтеді.
Шеберлік сағатын «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын - Айбек Киікбайұлы Қалиев жүргізеді.