Бүгін Денисов ауданында өткен аймақтық практикалық кездесу аяқталды.
22.11.2019
1800
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қараша күні Денисов аудандық мәдениет үйінде, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі қарсаңында Қамысты, Жітіқара, Б.Майлин, Денисов аудандарының және Лисаков қаласының өнерпаздарына арналған төрт бағыт бойынша (қазақ ұлт аспаптар ансамбльдері, дәстүрлі ән, вокал) практикалық көмек көрсетті.
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының фестивальдар мен конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі әдіскері Когай Наталья Вячеславовна вокал жанры бойынша, облыстық филармонияның қызметкерлері ҚР мәдениет саласының үздігі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Байназаров Батырбек Қасымұлы қазақ ұлт аспаптар ансамбльдері бағытында, дәстүрлі әнші Талғат Молдағалиев домбырамен ән салу мәнері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық көмек барысында облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы басшысы Қалқаев Дәмір Елтайұлы Денисов аудандық мәдениет үйінің меңгерушісімен, әдіскерлерімен кездесіп, іс-қағаздарын тексерді.