2017 жылдың 22 ақпанында, сағат 11.00-де "Облыстық көркемөнерпаздар халықтық шығармашылығы орталығы" КМҚК Қостанай облысының хор ұжымдары мен вокалдық ансамбльдерінің жетекшілеріне арналған "Хор жетекшілерінің ұйымдастырушылық ресурсы" тақырыбындағы бір күндік шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Шеберлік сабағын "Облыстық көркемөнерпаздар халықтық шығармашылығы орталығы" КМҚК әдістемешісі, "Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның солисті, Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Әбілев Серік Тінібекұлы өткізді.
Шеберлік сабағы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім вокалдық жанрдың изотеориялық құрылымынан, әншілік тыныс алу жұмысының әдістемесінен тұрды. Екінші бөлім тәжірибелік жағына арналды. Мұнда Серік Тінібекұлы қатысушыларды эстрадалық вокалдың қыр-сырына баулыды. Шара соңында шеберлік сабағына қатысушылардың арасында сауалнама жүргізілді.