altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
А.АЛМАТОВ: «ӨРЕНДЕРДІҢ МОЙНЫНДА ҮЛКЕН МИССИЯ ТҰР...»
16.10.2019
1259
0
 

Жырау, домбырашы, профессор, фольклортанушы Алмас Алматов Қостанайда. Қазақтың жыраулық өнерін өшірмей осы күнде жас өскіннің бойына дарытып-ақ жүрген қайраткер шеберлік сабағын өткізді.





Нұржан Наушабайұылының 160 жылдығына байланысты Қазақстанның өзге өңірлерінен және облысымыздың әр түкпірінен дәстүрлі әншілер жиналды.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, қазанның 16-17 аралығында «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» атты І республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтеді. Бүгін бірінші кезең басталады.
Тақтақ ақынның шығармашылығын бұрқыратпаққа келген жас талаптар абыздың ақылына құлақ түрді.

Жырды, дастанды, толғауды жаттап алу мен сіңіріп алудың ара-жігі бар, - деп бастады келесі бір ойын Алмас Алматов.- Мәселен, «Теміртас»! Біз үшін бірер ауыз ғана өлең болуы мүмкін, ал задында мән-мазмұнына терең бойлар болсақ, тұтас ғұмыр жатыр. «Ләйлім», «Мақпал» сынды туындыларды айтам да, осынау керемет жауһарларды жазып кеткен мықтыларың ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда ғана өткен. Ал қыз сұлулығын әспеттеудегі әндемді бір құдырет, терең философияның дәргейіне көп жағдайда жете бермейміз. Қазіргі күндері «клип», «бейнеклип» деп жатады, әлгі әндердің сүйемелдеуіш құралдарын.

Біле-білсеңіздер, жолдастар, Ақанның, Мәдидің, Нұржанның, Кененнің бір-бір туындысының өзі жеке фильмге татитын қою дүние. Сондықтан, бәленбай ауыз туындыны тұтастай судыратып жаттағаннан бір қайтарымын болса да, түйсікпен қабылдап, қауымға паш еткеннің құны артық қашанда.

Алмас Нұрмаханұлы жас өскіндермен жүздесуде Ұлттық университеттің қабырғасында 1998 жылы Дәстүрлі өнер кафедрасының қалай ашылғаны хақында аз-кем тебіренді.

Жыраудың айтысына қарағанда, сол кезгі министр Қырымбек Көшербаевтың бекітуімен, Алматыдағы атағы дардай оқу ордасында қазақтың төл өнерінің тұлпарларын баптаудың біссімілләсі басталған екен.

Қадірлі достар, жас өскін таланттар, сіздердің мойындарыңызда үлкен миссия бар, былайғы тілмен айтқанда.

- Жырау әңгімесін осылайша діттеген арнасына бұрды. -

Ғасырлар бойы қалыптасып, даланың, бабаның зарын, мұңын, қуанышын, миятын дарытқан орасан бай дүниені өлтіріп алмау керек. Баба мұраны бүлдірмей келешекке аманаттау – ортақ парыз, міндет!

Кездесу барысында Алмекең «Көроғлы» қаһармандық халық эпосының үзіндісін орындап, айналасындағыларды байырғы бекзат өнердің кемесіне мінгізіп, тылсым әлемге күмп берді. Жергілікті өнерпаздар да жырдан шашу шашты.

Жиын соңында әр қатысушыға сертификат табысталды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қостанай облысының аудан (қала) жыршы-термешілеріне арналған «Жыраулық дәстүрдің тарихи бастауы және рухани-ағартушылық міндеті» шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын қазақ ұлттық өнер университетінің "Дəстүрлі əн" кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фольклоршы-ғалым, "Парасат" орденінің иегері Алмасбек Алматов жүргізді.

Публикация от ocsnt.kz AQP.OBLYS MÚ PORTALY (@culture_qostanai)

 

Нұрқанат Нүсіпхан
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
20.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🎶 Домбыра күніне орай ұйымдастырылған онлайн музыкалық видеожоба — «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» көрермендерді қазақтың аспаптық музыкасының жауһарларымен таныстыруды жалғастыруда!
13.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Еңбек үшін алғыс!
10.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
✨АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕҢІС!✨
07.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🎉 7 маусым күні сағат 18:00-де КЖБИ жағалауындағы сахнада жарқын ретро-дискотека "Disko Party" концерттік бағдарламасы өтті! 💃🕺
06.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🌟 "Алтын дән" балалар шығармашылығы фестивалі 🌟
06.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 14:00-де Қала орталығында «Күмбірле, күй – домбыра» атты концерттік бағдарлама аясында балалар домбырашылар ансамбльдерінің қатысуымен Домбыра күнінің жарқын да салтанатты ашылуы өтті
05.06.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 5 маусым күні Ұлттық домбыра күніне арналған «Атадан қалған сол мұра қасиетті домбыра» бір айлық акцияның ашылуы өтті
05.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Домбыра бабадан қалған мұра
05.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін 5 маусым күні сағат 11:00-де "Мирас" қалалық мәдениет сарайында мекеме қызметкерлері үшін заңгер Мырзабаев Нұралы Рамазанұлымен кездесу өтті. Жиынның тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды.
05.06.2025
Әулиекөл дом культуры
Ұлттық домбыра күніне орай, Әулиекөл ауданында домбырашылардан құралған «Домбыра күні – ұлттың үні» атты мерекелік бағдарлама өтті.
04.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 4 маусым күні сағат 18:00-де желілік орталықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Біздің рәміздер-біздің мақтанышымыз!" атты концерттік бағдарлама өтті
04.06.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 4 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Елтаңбасы бар тудың астында біз абыроймен жүреміз» атты мерекелік бағдарлама өтті
04.06.2025
Әулиекөл дом культуры
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әулиекөл ауданында салтанатты ту көтеру рәсімі өтті.
04.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Елімнің рәміздері.
01.06.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 1 маусым күні Денисовка ауылында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балалар әлемі» мерекелік бағдарламасы және шағын орталықтар мен балабақшалар тәрбиеленушілері арасында аудандық таланттар байқауы өтті
31.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 31 мамыр күні мәдениет қызметкерлері аудандық мәдениет үйінің аумағына "Таза Қазақстан" жалпыға бірдей республикалық акциясына қатысты
31.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 31 мамыр күні аудандық мәдениет үйі мен мәдениет бөлімінің қызметкерлері Денисовка ауылындағы Базарная көшесіндегі сквер аумағында "Таза Қазақстан" жалпыға бірдей республикалық экологиялық акциясына қатысты
31.05.2025
Б. Майлин дом культуры
Еске алу күні.
31.05.2025
Әулиекөл дом культуры
31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында тағзым ету шарасы өтті.
30.05.2025
Қостанай қ. дом культуры
РЕТРО ДИСКОТЕКА
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Еңбек үшін алғыс!
Автор: Б. Майлин дом культуры
✨АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕҢІС!✨
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Домбыра бабадан қалған мұра
Автор: Б. Майлин дом культуры
Елімнің рәміздері.
Автор: Б. Майлин дом культуры
Еске алу күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру